Добавить проект
Прочитать правила
Платный доступ
Авторизация:




Иностранные чертежи » Казахстан : Дипломные и курсовые работы : Пищевая и химическая промышленность : Курстық жоба - Есептеу және жобалау бу қондырғысының

Курстық жоба - Есептеу және жобалау бу қондырғысының

| Рб:
2
| Платформа: AutoCad | Поместил: audace14 | Дата: 14.12.17 11:08 | Год выпуска: 2017 | Размер: 558.19 KB | Скачали: 0
Коротко о файле: ОҚМФА / Технологиясы кафедрасы фармацевтикалық өндіріс / Жобалауға арналған тапсырма: жобалау выпарную орнату үшін шоғырландыру GH=12.15 СУ КОН ерітіндісінің бастапқы концентрациясы Шм=14% дейін соңғы концентрациясы 30%. / Құрамы: 2 парақ сызбалар + түсіндірме жазба.
Курстық жоба - Есептеу және жобалау бу қондырғысының

Буландыру қондырғысын есептеу тақырыбы бойынша біріншілей және екіншілей бу, буландыру үрдісі, тәсілдері, буландыру қондырғылары, жұмыс істеу принциптеріжәне т.б. туралы мәліметтер жинақталды және KОН ерітіндісінің үшкорпусты қондырғыда буландырылуы есептелінді. Корпустардағы ерітіндінің концентрациялары және екіншілей булардың қысымдары анықталды. Нәтижесінде жылу алмасу ауданы анықталып, каталог бойынша буландыру қондырғысы таңдалды.

Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Белгілеулер мен қысқартулар
Анықтамалар
Кіріспе
1. Әдебиетке шолу
2. Буландыру аппараттарының түрлері
3. Біркорпусты буландыру қондырғылары
4. Көп корпусты буландыру қондырғылары
5. Еріксіз циркуляциялық буландыру аппараттары
6. Еркін циркуляциялық аппараттар
7. Жылулы насосты буландыру аппараты
8. Роторлы қабықшалы буландыру аппараттары
9. Табиғи циркуляциялық буландыру аппараттары
10. Қабықшалы буландыру аппараттары
11. Буландыру аппараттарын таңдау
12. Негізгі аппаратты есептеу
12.1. Буланған ерітіндінің концентрациясын есептеу
12.2. Температураның пайдалы айырмасын есептеу
12.3. Жалпы шығынын анықтау
12.4. Температураның пайдалы айырмасын есептеу
12.5. Барометрлік конденсаторды есептеу
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Қорытынды
Біз бұл курстық жобада буландыру аппараттарын есептедік. КОН ерітіндісін есептеуге арналған аппараттың жұмыс істеу принципі жайлы қысқаша тоқталып өтсек.
Бастапқы ерітінді пропеллер немесе ортадан тепкіш насостар жәрдемімен қайнатқыштың төменгі жағына беріліп, ал қоюландырылған ерітінді сепаратордың төменгі жағынан шығарылады.
Қайнау құбырларының төменгі жағындағы қысым жоғары жағынан көп, себебі төменгі жағына сұйық бағанасының қысымы мен құбырдың гидравликалық кедергісі қосылып әсер етеді. Сондықтан құбыр биіктігінің көптеген бөлігінде сұйық қайнамайды да ысытылады. Құбырдың жоғарғы жағының аз бөлігінде ғана сұйық қайнайды. Насостың беретін сұйығының мөлшері буланатын судың мөлшерінен көп есе артық, сондықтан қайнау құбырларынан шығатын булы – сұйықты қоспадағы сұйық массасының бу массасына қатынасы өте үлкен.
Қайнау құбырларындағы сұйық циркуляциясының жылдамдығын 1,5 – 3,5 м/с аралығында қабылдайды. Сұйық циркуляциясының жылдамдығы насостың өнімділігіне байланысты, сондықтан мұндай аппаратта тұтқырлығы жоғары ерітінділерді, ысытатын бумен ерітінді арасындағы температуралар айырмасы 3 – 5 0С болғанда буландыруда қолданады.
Негізгі аппаратты есептеу бөлімінде шыққан нәтижелер: жылу алмасу беті – 100 м2, құбыр диаметрі 38х2мм, құбыр биіктігі - 400мм, аппарат массасы – 8500кг, аппараттың жалпы биіктігі – 13000мм.
Бұл аппаратты басқа аппараттармен салыстырғанда, насостың жұмыс істеуіне энергияның шығындауы көп болғанымен, артықшылықтары – жылу өту коэффициенті жоғары, төменгі пайдалы температуралар айырмасында жұмыс істеуі, кристалданатын және тұтқыр ерітінділерді қоюландыруы.


Содержимое архива

Проекты (работы, чертежи) можно скачать став участником и внеся свой вклад в развитие. Как скачать ? подробнее >>>>>>>

 
Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.