Добавить проект
Прочитать правила
Платный доступ
Авторизация:
Информация


Иностранные чертежи » Казахстан : Дипломные и курсовые работы : Строительство : ТСП / ТВЗ : Курстық жобаның - Жинақтау жұмыстарына арналған технологиялық карта 1 қабатты өндіріс ғимараты берілген Алматы қаласы

Курстық жобаның - Жинақтау жұмыстарына арналған технологиялық карта 1 қабатты өндіріс ғимараты берілген Алматы қаласы

| Рб:
1
| Платформа: AutoCad | Поместил: Botati | Дата: 7.1.18 14:59 | Год выпуска: 2017 | Размер: 1.41 MB | Скачали: 1
Коротко о файле: ЕНУ / Жобадағы қимасы – тіктөртбұрыш. Берілген нұсқада арқалықсыз жылытылатын ғимарат. Оның сипаттамасына келетін болсақ – Бн-18-7,2 СК, яғни аралық ұзындығы 18 метр , ал биіктігі 7,2 метр. Жалпы ені 36 метрге, ал ұзындығы 72 метрге тең. Ортаңғы және шеткі ұстындар адымы 6 метрге тең. Ғимарат салынатын аудан Балхаш. Құрылыстың басталу уақыты – қараша айы. Ішкі әрлеу жұмыстары бөлменің сипатына байланысты жүргізіледі. / Құрамы: 1 парағы сызба + түсіндірме жазба.
Курстық жобаның - Жинақтау жұмыстарына арналған технологиялық карта 1 қабатты өндіріс ғимараты берілген Алматы қаласы

Мазмұны
Кіріспе
1 Ғимараттың құрылымдық сұлбасы
1.1 Ғимараттың көлемдік жобалық шешімдері
1.2 Ғимараттың құрылымдық шешімдері
2 Құрастыру жұмысының еңбексыйымдылығы мен көлемін анықтау
3 Алымдардың өлшемін және құрастыру әдісін таңдау
3.1 Ұстындарды жинақтау
3.2 Итарқасты фермаларды, кранасты арқалықтарды және төбежабындарды
3.3 Конструкциялардың қосылған жерлерін өңде
4 Құрастыру аспаптары мен еңбек құралдарын таңдау
5 Көтергіш крандарының қажетті жұмыстық параметрлерін анықтау
6Техника-экономикалық көрсеткіштер арқылы кранның тиімді құрамын таңдау
6.1 Құрастыру жұмыстарының ұзақтығын анықтау
6.2 Құрастыру жұмыстарының еңбек сыйымдылығын анықтау
6.3 Құрастыру жұмыстарының өзіндік құнын анықтау
7 Құрама құрылымдарды құрастыруда қабылданған кранның жұмыс үлгісін анықтау
8 Кешенді бригада құрамын есептеу
9 Қажетті тасымалдау құралының санын есептеу
10 Құрылыс құралымдарын құрастыруға арналған нұсқаулар
11 Құрастыру жұмыстарының мерзімдік жоспарын жоспары
12 Жұмыс күшінің қозғалу жоспары
13 Құрастыру жұмыстарының өндірісі кезіндегі қауіпсіздік сақтау шаралары
Қорытынды
Қолданылған әдебиет тізімі

Ғимарат жайлы жалпы мәліметтер

Ғимарат

сипаттамасы

Ені, м

Ұзындық, м

Шеткі

ұстын

адымы, м

Ортаңғы

ұстын адымы

Жүк

көтергіштігі

ТББ

зауыдына

дейінгі аралық

Аудан

Басталуы

КО-18-9,6ПК

54,6

92,53

12 және

6

12

15

25

Алматы

Маусым

Ғимаратта жоба бойынша келесілер қарастырылған: өндірістік цех, тұрмыстық бөлме, техникалық бөлме, қойма мен санитарлық торап.
Қасбетті әрлеу түрлі түсті цемент негізіндегі жақсартылған декоративті сылақпен сылау арқылы жүзеге асырылады. Ішкі әрлеу жұмыстары мен едендер жобада бөлмелердің жіктелу түріне байланысты қарастырылған.
Жобалық шешімде ғимараттың барлық бөлмелері өзара байланысқан. Материалдарды жүктеу ғимарат бүйірінен жүргізіледі.
Жауапкершілік деңгейі – II;
Отқа тұрақтылық дәрежесі – II;
Ғимараттың сейсмотұрақтылығы – 7 балл

Қорытынды
Салынып және жаңғыртылып жатқан құрылыс жобалары мен техниканың ең жаңа жетістіктері негізінде тұрғызылуы қажет, ал өндірістік кәсіпорындар пайдалануға берілгенге дейін салынатын тұрғын үй, қоғамдық және басқа да үймереттер мен ғимараттар техникалық жағынан озық және қазіргі заман талаптарына сай болуы керек. Барлық құрылыс-құрастыру жұмыстары сапалы әрі қысқа мерзімде жүзеге асырылуы тиіс.
Құрылыс салуды жеделдету, құрылыс-құрастыру жұмыстарының өзіндік құнын арзандату және құрылысшылардың еңбек өнімділігін арттыру үймереттер мен ғимараттардың түрлеріне және олардың ең қолайлы деген құралымдық шешімін табуына едәуір дәрежеде байланысты.
Жобаға тиімді, типті үйлестірілген, құрамалы ірі көлемді құралымдарды барынша көп пайдалану ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағытын құрылысқа тезірек енгізуге мүмкіндік береді. Бұл бағытқа жүйелі индустрияландыру, құрылыс өндірісін дайын құрылыс құралымдары мен бөлшектерінен және зауытта жасалған технологиялық тораптар мен инженерлік жабдықтардан үймереттер мен ғимараттарды құрастыру жұмыстарын кешенді механикаландырылған үздіксіз процеске айналдыру жинақталады.
Құрылысты одан әрі индустрияландырудың негізгі бағыттары дайындалатын құрылыс құралымдары мен бөлшектердің дәлдігін арттыру; оларды мүмкіндігінше бірден пайдалануға болатындай етіп зауыттарда жасап шығару; үймереттердің құралымдары мен бөлшектерін тиімді деген көлемге дейін ұлғайту, ал олардың салмағын барынша азайту; үймереттерді құрастыру кезінде жетілдірілген механикаландыру құралдарын пайдалану және жинақтау жұмыстарын автоматтандыру және роботтандыру болып табылады.


Содержимое архива

Проекты (работы, чертежи) можно скачать став участником и внеся свой вклад в развитие. Как скачать ? подробнее >>>>>>>
 
Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.