Добавить проект
Прочитать правила
Платный доступ
Авторизация:
Информация


Иностранные чертежи » Казахстан : Дипломные и курсовые работы : Архитектура : Здания социально-бытового назначения : Дипломдық жоба - Мектеп 1200 орындық мемлекеттік тілде оқытатын Шымкент қаласындағы

Дипломдық жоба - Мектеп 1200 орындық мемлекеттік тілде оқытатын Шымкент қаласындағы

| Рб:
5
| Платформа: АutoCad | Поместил: uljjan | Дата: 18.1.18 03:58 | Год выпуска: 2017 | Размер: 5.46 MB | Скачали: 4
Коротко о файле: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ / Кафедрасы "өнеркәсіптік және азаматтық құрылыстың Технологиясы / Бұл жобаны әзірлеудегі басты мақсат ауданды мектеппен қамту, қала мен аудан тұрғындарына жаңа, жақсартылған мектепті ұсыну жөніндегі мәселені шешу болып табылады. Жұмыс ауданының сейсмикалық жағдайы – Шымкент қаласы – 7 балл. Сейсмикалық бойынша жер қабатының санаты – ІІ. / Құрамы: 8 парақ сызбалар (бас жоспары, қабаттар жоспары, қасбеті, техкарта жер қазу жұмыстары , технологиялық карта іргетасы, құрылыс бас жоспары, күнтізбелік жоспар) + түсіндірме жазба
Дипломдық жоба - Мектеп 1200 орындық мемлекеттік тілде оқытатын Шымкент қаласындағы

Мазмұны
КІРІСПЕ
1 Сәулеттік- жоспарлау бөлімі
1.1 Бастапқы мәліметтер
1.2 Құрылыс алаңы туралы мәліметтер
1.3 Қысқаша климаттық сипаттама
1.4 Топографиялық жағдайлар
1.5 Инженерлік-геологиялық жағдайлар
1.6 Көлемдік-жоспарлы шешімдер
1.7 Құрылымдық шешімдер
1.7.1 Жылумен қамтамасыз ету
1.7.2 Жылыту
1.7.3 Вентиляция
1.7.4 Өртті сөндіру
1.7.5 Кәріз жүйесі
1.7.6 Суағар
1.7.7 Сейсмикаға қарсы іс-шаралар
1.7.8 Бас жоспар
2 Есептік-конструктивтік бөлім
2.1 Негізгі салмақ түсетін конструкцияларды нұсқалық жобалау
2.1.2 Темір бетон құрылымдардың есебі
2.1.3 Болат құрылымдар есебі
3 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
3.1 Технологиялық карталарды әзірлеу
3.1.1 Жер қазу жұмыстары
3.1.2 Бағана тәрізді іргетас элементтерін құрастыруға арналған технологиялық картаны әзірлеу
3.1.3 Қауіпсіздік техникасы
3.1.4 Техникалық-экономикалық көрсеткіштер
4Ұйымдастыру бөлімі
4.1 Машина уақытының жалпы нормативтік шығындары.
4.2 Күнтізбелік жоспар
4.2.1 Жұмыс көлемдерін, еңбек шығындары мен жұмыс уақытын анықтау
4.2.2 Жұмыстардың күнтізбелік кестесін құру және есептеу
4.3 Құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын бақылау
4.3.1 Жер қазу жұмыстарының сапасын бақылау
4.3.2 Тас жұмыстарының сапасын бақылау
4.3.3 Қауіпсіздік техникасы бойынша іс-шаралар әзірлеу
5 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
5.1 Техникалық-экономикалық көрсеткіштер есебі
6. Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
6.1 Құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы
6.2 Қоршаған ортаны қорғау.
6.3 Электр қауіпсіздігі
6.3.1 Электр қауіпсіздігі бойынша қойылатын негізгі талаптар.
6.3.2 Қызмет көрсету жұмыстарына жіберілген тұлғаларға қойылатын талаптар
6.3.3 Қорғаныс құралдары мен оларды қолдануға қойылатын талаптар.
6.3.4 Электр жарақаттарын анықтау.
6.4 Өртке қарсы іс-шаралар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Мектеп ғимаратының пішіні күрделі, 6 блоктан тұрады. Оқу блоктары
– 2-3 қабатты. Еңбекке баулу және қоғамдық мақсаттағы блоктар – 2қабатты. Спорттық блок – бір қабатты. Ғимараттың жалпы көлемі 133,42м х 64,59м.
Оқу үй-жайларының биіктігі – 3,30м.
«А» блогы – 3 қабатты, 1-қабат биіктігі Н=3,90м; 2-ші және 3-қабаттар Н=3,30м.
Бірінші қабатта оқушыларға арналған гардероб, қысқы бақ пен медициналық үй-жайлардан тұратын вестибюль тобы.
2-3 қабаттар – жоғары сыныптарға арналған оқу бөлмелері, зертханалық және мұғалімдер бөлмесі.
«А» блогы 1200 орынға арналған мектептің бүкіл ғимаратының көлемдік-жоспарлы шешімінде орталық байланыстырушы блок болып табылады.
«Б» блогы – 3 қабатты, қабат биіктігі Н=3,30м. 1-ші және 2-қабаттарда – төменгі сыныптарға арналған оқу бөлмелері, 3-қабатта орта мектептің оқу бөлмелері орналасқан.
«В» блогы – 3 қабатты, қабат биіктігі Н=3,30м. Барлық 3 қабатта орта және жоғары мектептің оқу және бейінді бөлмелер орналасқан.
«Г» блогы – 2 қабатты. Бірінші қабатта тамақтану бөлмесі, қосалқы және қойма жайлары бар асхана. Асхана биіктігі Н=4,50м.
Екінші қабатта – мәжіліс залы. Залдың биіктігі Н=5,5м.
Барлық қажетті қосымша үй-жайлар қарастырылған.
«Д» блогы 2 қабатты. 1-қабаттың биіктігі 3,90м. Бірінші қабатта металл және мата өңдеу шеберханалары, сондай-ақ дайын өнім қоймалары мен техникалық үй-жайлар орналасқан. 2-қабаттың биіктігі - 3,30м, мұнда мектеп әкімшілігінің кабинеттері, ақпарат орталығы – кітапхана, сынып бөлмелері бар.
«Е» блогы – бір қабатты, шешінетін орны, жуынатын және қосалқы үй-жайлары бар спорт залын орналастыруға арналған.

Тірек іргетастарға қыстырылған монолитті темір бетон бағандары мен бағандарға сүйелген монолитті темір бетон көлденең тосқауылдардан, сондай-ақ жабынның көлденең дискілері мен қаттылықтың тік диафрагмаларынан құралған жақтаулардан тұрады.
Т.б. бағандары:
- А Б,В,Д блоктары – 400 х 400мм.
- Г, Е блоктары – 500х500мм.
Т.б. көлденең тосқауылдары – 400х500(h)мм
Бағандар астындағы іргетастар – монолитті темір бетоннан жасалған столб.
Жертөле қабырғалары – монолитті т.б. Қабырғалар тоғыспалы монолитті т.б. таспасы бойынша қаланады.
Іргетастар табанында δ=100мм бетон дайындама қарастырылған.
Жабындар – монолитті темір бетоннан жасалған тақталар.
Қатаңдық диафрагмалары – монолитті т/бетоннан.
Барлық салмақ түсетін құрылымдар А-ІІІ класты жұмыс арматурасы бар ауыр бетоннан жасалады.
Жұмыс арматурасын қосу ванналық дәнекерлеумен, ГОСТ 14098-91 сәйкес өзектерден жасалған қаптамасы бар созылыңқы тігістермен қолмен доғалық дәнекерлеу, сондай-ақ дәнекерлеусіз айқастыру арқылы жүргізіледі. Қаңқалар А-І арматурадан жасалған қамыттардан тоқылады.
Сыртқы қоршау құрылымдары ретінде мыналар пайдаланылады:
- А, Б, В, Г, Д блоктарында – қабырғалар ұялы бетоннан δ=200мм;
- Е блогында – қабырғалар М75 қарапайым кірпіштен М 50 сылақпен Rnt≥1,2 кгс/см2. δ=510мм; Сырт жағынан қабырғалар кейінен сылақ жүргізе отырып, ISOVER γ= 90 кг/м3 тақталармен қапталады, сондай-ақ металл бағыттауыштар бойында фиброцемент тақталармен қапталады.
Ішкі қабырғалар мен арақабырғалар – көбікблоктардан, металл қаңқа бойында гипс талшықты, кірпіш. ГОСТ 530-95 бойынша М50 ерітіндісіндегі М75 қарапайым кірпіш Rn t≥0,6 кгс/см2.
Парапет - ГОСТ 530-95 бойынша М50 ерітіндісіндегі М75 қарапайым кірпіш Rn t≥0,6 кгс/см2.
Басқыштар – т.б. алаңқайлар мен металл балкалар мен косоурлар бойында жиынтық т.б. баспалдақтар.
Төбе:
- А блогы – ішкі су құбырымен біріктірілген, блоктың ортаңғы бөлігінде витражды толықтырғышы бар металл күмбез қарастырылған.
- Б, В, Д блоктары – металл итарқа мен тағандар бойындағы шатыр.
- Е, Г, блоктары – жабын металл формалар бойынша жасалады. Шатыр:
- А блогы – «Техноэласттан» жасалған жұмсақ орамалы;
- Б, В, Д, Е, Г блоктары – қаптамасы түрлі-түсті полимерден жасалған цинктелген шатырға арналған құрыш.
Жабын жылытқышы – ISOVER орама матылар.
Терезелер – жекеше, қосарланған әйнекпакетті металлды пластиктен жасалған.
Есіктер – металлдан, металлды пластиктен, ішкілері ағаштан жасалған.
Витраждар – алюминий және металлды пластиктен.
Іргетастардан жаңбыр және еріген қар суын бұру үшін ғимараттың айналасына табаны қиыршық тасты, ені 700мм а/бетонды қоршау орнатылады.

Қорытынды
Бірінші бөлімде біз жобаланатын мектебіміздің орналасу жағдайын сипаттап, климаттық және геологиялық жағдайларын, бас жоспарда орналасу шарттарын қарастырып өттік, негізгі технологиялық процесстерді және көлемдік жоспарлы шешімдерді, конструктивтік шешімдерді түсіндірме жүргіздік
Екінші бөлімдегі есептік конструктивтік шешімде біз ғимараттың негізгі конструктивті бөлігіндегі негізгі элементтердің екі түрлі орындалу бағыты есептеліп, салыстырма келтіріліп, тиімді нұсқасы таңдалды.
Үшінші бөлімде екі жұмысқа арналған технологиялық карта әзірленіп, жұмысшы және машина күштері мен олардың құрылысқа қажеттілік мөлшерлері анықталды, және де материалдық қажеттіліктері мен жұмыс өндірісінің негізгі әдістері көрсетілген.
Төртінші бөлімде құрылыстың экономикалык эффекті мен құрылыстың сметалық құны, нормативті еңбек сыйымдылығы, сметалық жалақы көрсетілген.
Бесінші бөлімде жобаның қауіпсіздігі мен экологиялық тазалығы қарастырылған.


Содержимое архива

Проекты (работы, чертежи) можно скачать став участником и внеся свой вклад в развитие. Как скачать ? подробнее >>>>>>>
 
Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.