Добавить проект
Прочитать правила
Платный доступ
Авторизация:
Информация


Иностранные чертежи » Казахстан : Дипломные и курсовые работы : Архитектура : Здания социально-бытового назначения : Дипломдық жоба - Шымкент қаласындағы жатақхана ғимараты

Дипломдық жоба - Шымкент қаласындағы жатақхана ғимараты

| Рб:
5
| Платформа: АutoCad | Поместил: uljjan | Дата: 5.3.18 04:17 | Год выпуска: 2017 | Размер: 2.34 MB | Скачали: 4
Коротко о файле: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ / СҚФ / ТПГС / Жатақхана ғимараты өлшемі 104 х 28 метр. Отбасылық студенттерге арналған жатақхананы жобалағанда сәулеттік жоспарлық және көлемдік-жоспарлық шешімдерді қабылдағанда негізінен студенттік отбасының демографиялық құрамына , тұрмыстық және санитарлы-гигиеналық қажеттілігіне қарайды. / Құрамы: 8 парақ сызбалар (бас жоспары, қабаттар жоспары, қасбеті, техкарта жер қазу жұмыстары , технологиялық карта іргетасы, құрылыс бас жоспары, күнтізбелік жоспар) + түсіндірме жазба
Дипломдық жоба - Шымкент қаласындағы жатақхана ғимараты

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. Сәулеттік-жоспарлау бөлімі
1.1 Көлемді-Жоспарлық шешім
1.2 Сәулеттік- конструкциялық шешім
1.3 Құрылыс физика
1.4 Техника-экономикалық көрсеткіштер
2.Есептік-конструктивтік бөлім.
2.1 Конструкцияны таңдауды негіздеу.
2.2 Есептік-конструктивтік бөлім
2.2.1 Жабынның қуыс темірбетон төсеніш есебі
2.2.2 Біраралықты екі консольді темірбетон арқалықты есептеу
3. Технологиялық бөлім
3.1. Кірпіштен қабырғаны қалау
3.2. Рулонды шатырды құрылысы
4. Құрылысты ұйымдастыру бөлімі
4.1. Жұмыс ауқымын және көлемін анықтау
4.2. Өндіріс жұмыстарының әдісін таңдау
4.3. Монтаждау крандарын таңдау
4.4. Күнтізбелік жоспарды ұйымдастыру
4.5. Жұмыстың еңбек сыйымдылығы және көлік-ауысым қажеттілігінің есептік тізімдемесі
4.6. Құрылыс обьектінің құрылыс басжоспарын жобалау
5. Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
5.1. Жобаны әзірлеу кезінде еңбекті және қоршаған ортаға қатысты өзекті сұрақтардың шешімдеріне негіздеме
5.2. . Қауіпті және зиянды өндірістік факторар табылғанда құрылыс процесстерін саралау
5.3. Арнайы жұмыс түрлерін жасағанда және машинамен механизмдерді эксплуатациялағанда негізгі нормативтік қауіпсіздік талаптары
5.3.1. Жер жұмыстары
5.3.2. Монтаждық жұмыстар
5.3.3. Әрлеу және шатыр жұмыстары
5.4. Жобаланған шаралар және қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсерлерін тарату және азайту үшін теникалық шешімдер
5.5.Найзағайдан үйді қорғау
6.Құрылыс экономикасы
6.1. Жергілікті смета
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қосымша

Жатақхана ғимараты 9 қабатты , жертөлесімен және техникалық шатырмен, және бірэтажды вестюбильдік бөлігімен және екі коммуникациялық түйіндермен бір бірімен байланысқан, баспалдақ торынан және екі жүккөтергіштігі 630 кг лифттан тұратын үш тұрғын блок жобаланған.
Негізгі жоспарлық бірлігі осьтегі өлшемі 6,4х6,4 м-лік тұрғын ұяшықтарынан тұрады. Әр пәтерде тұрғын бөлмесі жатын бөлмесімен, немесе екі бөлек бөлме; ас үй; кіреберіс; толық біріктірілген санбөлме , балкон, жиһаздар қойылған және жабдықталған болып жобаланады. Қабаттағы әр үш блокта 8 пәтерден, қоқыс құбырынан, техникалық бөлмеден, дәлізден орналасқан.
Жалпыға ортақ бөлмелер бірінші және сегізінші қабаттарда және жертөледе жобаланған. Бірінші қабатта тамбур, күту және телефонды- автоматтармен жабдықталған зона, бақташы бөлмесі, уақытша кішкентай балалар ойынайтын бөлмелер қарастырылған.
Вестюбиль : салтанат сарайы , асхана, жаттығу залы, әкімшілік бөлмесінен тұрады. Бірінші қабатта балаларға және ересектерге арналған жабдықталған бөлмесі , медпункті орналасқан. Жертөледе әр отбасыға жеке шаруашылық қойма, жеке кір жуатын бөлме, жөндеу шеберханасы, сақтау камерасы және техникалық бөлме жобаланған.
Жұмыс бөлмелері сызуға арналған және жұмыс үстелдерімен жабдықталған.
Қонақ бөлмеде балаларға арналған әткеншек, аквариум, балаларға арналған төбешік, швед тосқауылы қарастырылған. Ересектерге арнлағна қонақ бөлмеде шахмат ойнауға арналған үстелдер, газеттер тұратын үстелдер, телевизор бар.
Асхана салтанат сарайымен байланысып орналасқан. Асхана құрамына: сауда саттық орын, ас үй, азық-түлікке арналған қойма , салқын тағамдарды жасауға арналған бөлме, гардероб және дәретхана. Асхана сауда-технологиялық және механиялық емес құралдармен жабдықталған. Оңтүстік суық және ыстық су, желдеткіш және канализация құрал-саймандарымен жабдықталған.
Кір жуғыш бөлме жуатын екі бөлмеден тұрады, кептіру және киімдерді үтіктеу бөлмелерінен.
Кір жуу үшін кір жуғыш машина және кептіруге арналған машиналар бар. Бөлмеде жұмыс үстелдері де бар. Ыстық және суық су, желдеткіш және канализация жүргізілген.

Жатақхана ғимараты көтергіш қабырғалары көлденең және жабын бойлай орналасқан.
Іргетас. Іргетас қағып орнататын қадамен жобаланған өлшемі 300х300мм. Қадалар бір-бірімен темірбетон ұңғы арқылы 600м биіктікпен байланысады. Ростверк кеңістікті тірктермен және торлармен арматураланады. ҚНжЕ 2.03.11-85 талаптарына сәйкес қада және ростверк беріктігі жоғары бетонмен жобаланған.
Қабырға. Жертөле бөлігіндегі сыртқы және ішкі қабырғалар МЕСТ 13579-78 талаптарына сәйкес ФSO іргетас блоктарымен жобаланған. Блоктар М100 маркалы жаңа жағылған ерітіндіге қойылады. Екі жақтағы жіктерді сол цементтік ерітінді жағылады. Сыртқы қабырғаларға сұйық битуммен гидроизоляциялық жұмыстары орындалады. Жерүсті қабырғалары кәдімгі балшықтан жасалған маркасы М75 кірпіш М50 ерітіндісімен қаланады.
Сыртқы қабырғалардың қалыңдығы-510мм, ішкі -380мм.
Аражабын және аражабынның жабыны 220мм қалың темірбетон іші домалақ қуыс аражабын тақтасымен жабылады. Тақталар маркасы М100 тегістелген ерітіндіге қойылады.
Баспалдақ. Баспалдақтар типтік темірбетон қадамдарымен және 1.151.1-6 и 1.15271-8-ун сериясына сәйкес ауданы таңдалып дайындалады.
Аралық қабырғалар қалыңдығы 800мм зауыдта дайындалған гипсбетонды және кірпіштік арматуралау маркасы М75 кірпіштен иілуі М50. =120мм.
Маңдайша- құрастырылған 2 темірбетонды.
Терезе- пластикалық, заводта дайындалған.
Есік- 1.135.1 сериямен сыртқы есік алюминийдан жасалған, кіретін есік- алюминьді, ішкі есіктер ағаштан жасалған.
Лифттар қосылған, жүк-жолаушылар, жүккөтергіштігі 630 кг. Лифт шахталары кірпіш қалап жасалған (кірпіш маркасы М100 , М75 цементтік ерітіндіде).
Бірқабатты бөлігіндегі конструктивтік сұлбасы – біраралық рама. Ол өлшемі 300х800мм біраралықты екі-консольді ригельден және өлшемі 400х400мм екі колоннадан тұрады, үстінен темірбетонды қабатпен жабылған. Үйдің ішкі қабырғасын = 20мм қалыңдықпен құмды-гипстік ерітіндімен тегістейді, ал ғимараттың қасбетін цемент-құмды ерітіндімен =20мм тегістейді.

ҚОРЫТЫНДЫ
Менің дипломдық жобамның тақырыбы « Шымкент қаласындағы жатақхана ғимараты».
Жоба құрамына : кіріспе, сәулет-құрылыс бөлімі, конструкцияны есептеу бөлімі, технологиялық бөлім, құрылысты ұйымдастыру бөлімі, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау бөлімі, экономикалық бөлімдерден тұрады.
Сәулеттік-құрылыс бөлімінде көлемдік жоспарлық шешім, сәулеттік-конструктивтік шешім, құрылыс физикасы зерттеліп қабылданады.
Конструктивтік есептеу бөлімінде ғимараттың жабынның қуыс темірбетон төсеніш есебі және біраралықты екі консольді темірбетон арқалықты есептері орындалады.
Технологиялық бөлімде кірпіштен қабырғаны қалау, рулонды шатырдың құрылысы жұмыстарының жүргізілуін және оларды жүргізгенде техника қауіпсіздік шаралары жазылған.
Құрылысты ұйымдастыру бөлімі жұмыс ауқымын және көлемін анықтау, өндіріс жұмыстарының әдісін таңдау монтаждау крандарын таңдау күнтізбелік жоспарларды есептеп оларды жасадым.
Еңбекті қорғау , техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бөлімінде жобаны әзірлеу кезінде еңбекті және қоршаған ортаға қатысты өзекті сұрақтардың шешімдеріне негіздеме, қауіпті және зиянды өндірістік факторар табылғанда құрылыс процесстерін саралау , арнайы жұмыс түрлерін жасағанда және машинамен механизмдерді эксплуатациялағанда негізгі нормативтік қауіпсіздік талаптарын қарастырылды.
Құрылыс экономикасы бөлімінде ғимарттың шығындарын АВС программасы арқылы жергілікті сметасы жасалды. Онда жер жұмыстарының, қада жұмыстарының, қабырға жұмыстарының, төсенңштің және жертөле қабатындағы құрылыс жұмыстары үшін және оларға жұмсалатын материалдардың шығындарын есептеп барлығын қосып обьектінің сметалық құнын есептейміз.
Жатақхана ғимараты тұрғындарға өте ыңғайлы жағдай жасалынып жоспарланды. Мен бұл дипломдық жұмысты жасағанда өз білімімді арттырдым. Менің 4-жыл да алған білімімді көрсететін бұл дипломдық жұмыс ойдағыдай жоспарланды.


Содержимое архива

Проекты (работы, чертежи) можно скачать став участником и внеся свой вклад в развитие. Как скачать ? подробнее >>>>>>>
 
Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.