Добавить проект
Прочитать правила
Платный доступ
Авторизация:
Информация


Иностранные чертежи » Казахстан : Дипломные и курсовые работы : Архитектура : Здания социально-бытового назначения : Дипломдық жоба - Оқу корпусы ұлттық университеті, Астана қ.

Дипломдық жоба - Оқу корпусы ұлттық университеті, Астана қ.

| Рб:
5
| Платформа: АutoCad | Поместил: moldir1992 | Дата: 31.5.18 10:09 | Год выпуска: 2017 | Размер: 12.55 MB | Скачали: 2
Коротко о файле: ҚарМТУ / ҚМжТ кафедрасы / Құрамы: 9 парақ сызбалар (Жоспарлар, Қасбеттер, Кескіндер, Негіздер және іргетастар, құрылыс өндірісінің Технологиясы, Күнтізбелік жұмыс кестесі, Стройгенплан) + түсіндірме жазба
Дипломдық жоба - Оқу корпусы ұлттық университеті, Астана қ.

Мазмұны
Кіріспе
1 Сәулет бөлімі
1.1 Сәулеттік – жобалық шешім
1.2 Конструктивтік шешімдер
1.3 Сыртқы қабырғаның жылутехникалық есебі
2 Іргетастар мен негіздер
2.1 Құрылыс алаңының инженерлік — геологиялық жағдайларын бағалау
2.2 Іргетасқа түсетін күштемелерді анықтау
2.3 Құрама қадалы-тақталы іргетасты жобалау
2.3.1 Тақталы ростверк табанының салу тереңдігін таңдау
2.3.2 Дара қадалардың көтергіштік қабілетін анықтау.
2.4 Іргетастың шөгуін есептеу
2.5Техника-экономикалықкөрсеткіштербойынша іргетастарды салыстыру
3 Есептеу мен құрылымдау
3.1 Есептік схема
3.2 Жүктемелерді жинау
3.3 Статикалық және тексеріс есебі
4 Құрылыс өндірісінің технологиясы мен ұйымдастыру
4.1 Монолитті темірбетон ғимаратты тұрғызуға технологиялық карта
4.1.1 Жұмысты ұйымдастыру мен орындау технологиясы
4.1.2 Жұмыс көлемін анықтау
4.1.3 Монолитті ғимаратты тұрғызуға қажетті машиналарды таңдау.
4.1.4 Жұмыстың сапасы мен қабылдау талаптары
4.1.5 Қауіпсіздік техникасы
4.2 Жер жұмыстарын өндіруге арналған технологиялық карта
4.2.1 Жұмысты ұйымдастыру мен орындау технологиясы
4.2.2 Жұмыс көлемдерін анықтау
4.2.3 Тиімдімашиналарменмеханизмдержиынтығынтаңдау
4.2.4 Қазаншұңқырды өңдеу схемасын және экскаватордың қазымын жоспарлау
4.2.5 Жұмыстың сапасы мен қабылдау талаптары
4.2.6Қауіпсіздік техникасы
4.3 Күнтізбелік жоспарды жасау
4.3.1 Жұмысты өндіру тәсілдерін таңдау
4.3.2 Құрылыстың жұмыс көлемі мен еңбек шығындарын есептеу
4.3.3Оңтайландыру есебі
4.4 Құрылыстың бас жоспарын дайындау
4.4.2 Уақытша қоймалар есебі
4.4.3 Уақытша ғимараттар мен үймереттер есебі
4.4.4 Құрылыс объектісін уақытша сумен жабдықтау
4.4.4 Құрылысты электр энергиясымен қамтамасыздандыру
4.4.5 Құрылыс бас жоспарының техникалық-экономикалық көрсеткіштері
5 Инженерлік жүйелер
5.1 Бастапқы мәліметтер
5.2 Жылу жүйесі
5.3 Вентиляция және кондиционерлеу
5.4 Шаруашылық ауыз-су жүйесімен жабдықтау
5.5 Ыстық сумен қамтамасыз ету
5.6 Кәріз жүйесі
5.7 Өрт қауіпсіздігі шаралары
6 Экономика
7. Еңбекті қорғау
7.1 Ұлттық университеттің ғимаратын салу кезінде қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау
7.2 Ұлттық университеттің ғимаратын салу кезіндегі қауіпті және зиянды факторларды азайту шаралары
7.4 Өрт қауіпсіздігі
8 Өнеркәсіптік экология
Қорытынды
Қолданылған әдебиет тізімі
ҚОСЫМША А
ҚОСЫМША Б
ҚОСЫМША В
ҚОСЫМША Г

Сәулеттік – жобалық шешім
Ұлттық университетінің оқу ғимараты 16 блоктан тұрады (А1…А16). А1 блогы жоспарда сандық «1’-A3» осьтерінде өлшемдері – 69,225м, ал әріптік «A’-В» осьтерінде - 21,05м-ге тең үшқабатты көлем.
Бірінші қабатта симуляторлар бөлмелері, мұғалімдер бөлмелері, инженерлік жүйелердің диспетчер бөлмелері, оқыту-тұрмыстық техника үшін бокстар, сонымен қатар қосалқы бөлмелер. Екінші, үшінші қабаттарда аудиториялар, компьютерлік класстар, мұғалімдер бөлмесі, зертханалар, кафедра бастығы мен оның орынбасарының кабинеттері, қосалқы бөлмелер.
Негізгі бөлмелердің "жарықта" биіктігі: 2,9м, 3,435м; қосалқы бөлмелер - 3,0м, техникалық бөлмелерде - 4,1 м. Техникалық қабаттың биіктігі – 3,5 м. Кіріс тобы «1’-A3» осбтеріндегі бас қасбет жағынан ескерілген. Кіріс тобы аз оңтайлы халық топтарына ғимаратта пандустар орнатылған."А3-1'" осьтеріндегі қасбет жағынан және "А'-В" осьтеріндегі қасбетте қосымша кіріс тобы жобаланған.
Жобамен көршілес А3 блогы бөлмелеріне ғимараттың әр қабатында кіріс жолдары ескерілген. Ғимаратта жолаушылар лифті ескерілген.
Шартты 0,000 белгісі ретінде бірінші қабаттың таза еденінің деңгейі алынған, ол бас жоспардағы 350,50 белгісіне сәйкес.

Салмақ түсетін конструкцияларының іргетасы – қадалы, қағылмалы темірбетон ҚР СТ 939-92 бойынша С9.30 маркалы қадалардан тұратын, құймалы тақтасы бар іргетас алынған. Құрама қадалы-тақталы іргетасының бетоны сульфатқа төзімді портландцементтегі В30 классты бетон.
Бетон маркалары: суға төзімділігі бойынша W6, аязға төзімділігі бойынша F75.
Құрама қадалы-тақталы іргетастың өлшемдері қадалы даланың өлшемдеріне байланысты алынғын, колоннамен, бұрыштық қадамен, көлбеу қималарда көлденең күш пен моменттердің әрекетіне беріктігін қамтамасыз ету үшін алынған.
Сыртқы қабырғалар – 20 см ұялы бетонды блоктардан қалаудан МЕСТ 21520-89 бойынша, сыртқы жағынан алюминий профильдеген парақпен қаптаумен және ішкі жазықтықта сылақтан жасалынған. Ішкі жүк көтеретін қабырғалар – 30 см екі жақты сыланған құймалы темірбетон қабырға.
Ішкі қабырғалар мен аралық қабырғалар – ұялы бетоннан жасалған қабырға блоктарынан МЕСТ 21520-89 бойынша екі жағынан сыланған қалау, қаңқалы-жапсырмалы ара қабырғалар (30,5 см, 20,5 см, 12,5 см).
Аражабындар мен төбежабын – құймалы, қалыңдығы 200 мм тең темірбетон тақталар.
Сатылар –құймалы темірбетонды.
Терезе, балкон блоктары және витраждар – алюминийден жасалған, жарық ойығы екікамерлі шыныпакеттерімен тортырылған. Жіктерді монтаждау көбігімен біейді.
Сыртқы есіктер - алюминий жиектеуі бар шыны.
Ішкі есіктер – ағаштан, болаттан, шыныдан жасалған, отқа төзімді, магнитті құрылғысы бар есіктер.
Төбе – азеңісті (алюминий профильденген парақ - Kalzip).
Суағар – ішкі, ұйымдастырылған.

Қорытынды
Бұл дипломдық жоба жобалауға тапсырма бойынша орындалған және оған сызбалар мен түсініктеме хат кіреді. Дипломдық жобаның тақырыбы – Астана қаласындағы Ұлттық қорғаныс университеті. Блок А1.
Сәулет бөлімінде қасбеттер, қималар, ғимарат түйіндері, жылу техникалық есеп жасалынған. Негіздер мен іргетастар бөлімінде инженерлік-геологиялық жағдайларды бағалау және шөгу анықталды.
Есептік бөлімде жабын плитасының есебі жүргізілген.
Құрылыс технологиясы мен ұйымдастыру бөлімінде ғимараттың жер үсті бөлігін тұрғызу, жер жұмыстарын өндіру жұмыстары, құрылыстың бас жоспары мен жұмыстарды өндіру графигу жасалынған. Құрылыстың бас жоспарында қажетті коммуникациялар, уақытша ғимараттар мен үймереттер саналған.
Инженерлік желілер бөлімінде жылу, желдету, су жүйелерімен қамтамасыздандыру мәселелері қарастырылды.
Еңбекті қорғау бөлімінде жұмысты өндірудің қауіпсіз жолдары ескерілген, шаңның шығарылу есебі және оны азайту шаралары келтірілген.
Экология бөлімінде жобалау, құрылыс және ғимаратты пайдаланудың қауіпсіз тәсілдерін жасалынды, автосамосвалдардың шығаратын зиянды заттары есептетелді.
Құрылыс экономикасы бөлімінде объектті, локальді және сметалық есеп жасалынды.  


Содержимое архива

Проекты (работы, чертежи) можно скачать став участником и внеся свой вклад в развитие. Как скачать ? подробнее >>>>>>>
 
Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.