Коротко о файле:Құрамы: 10 парақ сызбалар + Түсіндірме жазба (89 бет)
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ 7
1 ТАРАЛЫМ. ЖЕЛДЕТУ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖОБАЛАУ 10
1.1 ЖЕЛДЕТУ ЖҮЙЕСІНІҢ АУА ШЫҒЫНДАРЫН ЕСЕЛІК НОРМАЛАРЫ ӘДІСІ БОЙЫНША ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ 10
1.2 ЖЕЛДЕТУ ЖӘНЕ АУАНЫ БАПТАУ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ІШКІ МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ ТАЛАБЫ. 7
1.3 ЖЕЛДЕТУ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖІКТЕУ 8
1.4 ҒИМАРАТ БӨЛМЕЛЕРІНЕ ТАЗА АУАНЫ ҚҰЯТЫН ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНҒАН АУАНЫ ШЫҒАРАТЫН ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ САНДАРЫН ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ 11
1.5 БӨЛМЕЛЕРДЕГІ АУА ӨТКІЗГІШТЕРДІ ТИІМДІ ЖОЛДАРМЕН БАҒЫТТАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ АРНАЙЫ ТАЛАПТАР 16
1.6АУА ӨТКІЗГІШТЕРДІҢ АКСОНОМЕТРИЯЛЫҚ СҰЛБАСЫ 16
1.7 АУА ӨТКІЗГІШТЕРДІҢ АЭРОДИНАМИКАЛЫҚ ЕСЕБІ 17
1.8 АУАНЫ ҚҰЯТЫН ЖӘНЕ СЫРТҚА ШЫҒАРАТЫН ЖЕЛДЕТУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ СЫЗБА ЖОБАЛАРЫ 29
2 ТАРАЛЫМ. АУАНЫ БАПТАУ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ 34
2.1 ЫЛҒАЛДЫ АУАНЫҢ I – D ДИАГРАММАСЫ 34
2.2 ЖЕЛДЕТУ ЖӘНЕ АУАНЫ БАПТАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЫЛҒАЛДЫ АУАНЫҢ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ ӨЗГЕРУІН I-D ДИАГРАММАДА СУРЕТТЕУ 36
2.3 АУАСЫ БАПТАУЛЫ БӨЛМЕНІҢ ЖЫЛУЛЫҚ ЖӘНЕ ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ БАЛАНСЫ 37
2.4 АУАСЫ БАПТАУЛЫ БӨЛМЕДЕГІ ЖЫЛУДЫҢ СУЫҚ МЕРЗІМДЕГІ ЖЫЛУЛЫҚ БАЛАНСЫ 38
2.5 АУАНЫ БАПТАУ ЖҮЙЕЛЕРІ 40
2.6 ЖЫЛДЫҢ ЖЫЛЫ МЕРЗІМІНІҢ ТІКЕЛЕЙ АҒЫМДАҒЫ ТОЛЫҚ АУАНЫ БАПТАУ ЖҮЙЕСІ 40
2.7 ОТЫН ЖАҒУ МЕРЗІМІНДЕГІ ТІКЕ АҒЫМДАҒЫ АУАНЫ БАПТАУ ЖҮЙЕСІ 43
2.8 ЖАЗҒЫ МЕРЗІМІНДЕГІ РЕЦИРКУЛЯЦИЯЛЫ АУАНЫ БАПТАУ ЖҮЙЕЛЕРІ 46
2.9 АУАНЫ БАПТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ОТЫН ЖАҒУ МЕРЗІМІНДЕГІ ІІ-ШІ НҰСҚАДАҒЫ РЕЦИРКУЛЯЦИЯ СҰЛБАСЫ 50
2.10 АУАНЫ БАПТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ОТЫН ЖАҒУ МЕРЗІМІНДЕГІ ІІ-ШІ НҰСҚАДАҒЫ РЕЦИРКУЛЯЦИЯ СҰЛБАСЫ 54
2.11 БАПТАУЛЫ БӨЛМЕДЕГІ АУА АҚПАСЫ АЭРОДИНАМИКАЛЫҚ ЕСЕБІ 57
3 ТАРАЛЫМ. БАПТАУЫШТЫ ҚҰРАМДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛУЫ 63
3.1 ОРТАЛЫҚ АУА БАПТАҒЫШТЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛУЫ 63
3.2 АУА БАПТАҒЫШ СЕКЦИЯЛАРЫ МЕН ЖЕЛДЕТУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛУЫ. 63
3.3 АУА ҚЫЗДЫРҒЫШТЫ АВТОМАТТАНДЫРУ 64
3.4 АУА СҮЗГІЛЕРІНІҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛУЫ 65
3.6 АУА САЛҚЫНДАТҚЫШТЫ АВТОМАТТАНДЫРУ 66
3.7 ОРТАЛЫҚ КОНДИЦИОНЕРДІ ТАҢДАУ 67
4 ТАРАЛЫМ. АУАНЫ БАПТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛЫСТЫРУ ЕСЕПТЕРІ 76
4.1 ЖЫЛДЫҢ ЖЫЛЫ МЕРЗІМІ 76
4.2 ЖЫЛДЫҢ СУЫҚ МЕРЗІМІ 77
4.3 РЕЦИРКУЛЯЦИЯЛЫ АУАНЫ БАПТАУ ЖҮЙЕСІН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ КЕЗІНДЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ МЕН ЖЫЛУ ҚУАТТАРЫ ҚҰНЫН ҮНЕМДЕУ 78
4.4 РЕЦИРКУЛЯЦИЯЛЫ АУАНЫ БАПТАУ ЖҮЙЕСІ ҮШІН АУА ӨТКІЗГІШ ҚҰНЫ МЕН МЕТАЛҒА СЫЙЫМДЫЛЫҒЫНЫҢ КӨБЕЮІ 78
ҚОРЫТЫНДЫ 80
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 82
ҚОРЫТЫНДЫ:
Дипломдық жұмыста қоғамдық ғимарат – Астана қаласындағы мешітінің астыңғы қабаты бөлмелерінің желдету және ауаны баптау жүйелерін жобалау жүргізілді.
Бірінші таралымда желдету жүйесі жобаланды. Бұл ретте рұқсат етілген және қолайлы ішкі метеорологиялық параметрлер және географиялық орынға байланысты сыртқы метеорологиялық параметрлер қабылданып, бөлмеге еселік нормалары бойынша ауа шығындары есептелді. Еселік нормалары ғимараттардың атауларына, олардың бөлме атауларына байланысты ҚНжЕ-де, арнайы әдебиеттерде берілген. Ғимарат бөлмелері бірнеше топтарға бөлінеді. Бір топтағы бөлмелерге қойылатын талап – есіктері оларды байланыстыратын жалпы бөлмеге шығатын болуы қажет. Бұл жалпы бөлме «жалпы шлюз» деп аталады. Инженерлік әдіс бойынша еселік нормаларды пайдалану арқылы топтағы бөлмелердің қосындысы ауа шығыны құю жағынан және бөлек қосындысы ауа шығыны шығару жағынан анықталады. Нәтижеленген екі шама салыстырылып, шамалардың айырымын есептеу жұмысы жасалынады. Ғимарат бөлмелеріне таза ауаны құятын және пайдаланған ауаны шығаратын құрылғылардың сандары есептелді. Бөлмелердегі ауа өткізгіштерді тиімді жолдармен бағытталынды. Ауа өткізгіштері бойынша ауаның тасымалдау жұмысы былайша жүргізіледі:
- егер, желдету жүйесі жалпы ауа алмастыру құю механикалық арналыға жататын болса, онда ауаның бағыты сырттан алынған таза ауаны өңдейтін қондырғыдан ауа өткізгіштермен бөлмелердегі ауаны тарататын құрылғыларға дейін; - егер,желдету жүйесі жалпы ауа алмастыру шығару механикалық арналыға жататын болса, онда ауаның бағыты бөлмелердегі ауаны соратын құрылғылардан, өткізгіштер бойынша төбеде орнатылған ауаны шығару қондырғыға дейін.
Жұмыс барысында ауа өткізгіштердің аксонометриялық сұлбасы жасалынды. Ауа өткізгіштердің аэродинамикалық есебі жүргізілді. Есеп жасаудағы мақсат: ауа өткізгіштердің учаскелері қима өлшемдерін анықтап, ауаны тасымалдау бас бағыты бойынша қысым жоғалуларын анықтау. Желдету есептеріне сүйене отырып ауаны құю және сыртқа шығару желдету жүйелерінің қондырғылары таңдалған соң, сызбалары жобаланды.
Екінші таралымда ауаны баптау жүйесін жобаланды. Ауасы баптаулы бөлменің жылулық және ылғалдылық баланстары есептелді. Жылулық балансты анықтауға керекті факторлар тізімі:
- бөлмеге адамның жылуды бөлуі;
- терезелерден түсетін, күн сәулесі радиациясына байланысты жылу қуаты;
- төбеден бөлмеге күн сәулесі радиациясына байланысты берілетін жылу қуаты;
- бөлмедегі электр жабдықтардың жылу қуаты. Ылғалдылық балансы тек қана адамға байланыстырылады.
Ауаны баптау жүйелерін жіктеу жұмысы жасалды. Ауаны баптау жүйелері жіктеу баптамасы бойынша жартылай және толық ауаны баптау жүйелеріне бөлінеді. Толық ауаны баптау жүйелері тіке ағымдағыларға және рециркуляция пайдаланудағы жүйелерге бөлінеді.Жылдың жылы мерзімінің тіке ағымдағы толық ауаны баптау жүйесінің, отын жағу мерзіміндегі тіке ағымдағы ауаны баптау жүйесінің, жазғы мерзімдегі бірінші рециркуляция және II сатыдағы жылытқышты пайдаланудағы толық ауаны баптау жүйесінің және отын жағу мерзіміндегі екінші рециркуляция ұйымдастырылған ауаны баптау жүйесінің I-d диаграммада сұлбалары жасалынды.Ауасы баптаулы бөлменің ауаны тарату құрылғыларының санын анықтау және осы құрылғылар негізінде бөлмеге құйылатын ағыстардың аэродинамикасын есептен шығарылғаннан кейін желдету жүйесі үшін Польшаның «VTS Clima» атты айқаспалы жылу алмастырғышы бар рекуператив қондырғысы және ауа баптау жүйесі үшін Мәскеудің «Веза» атты ауа баптауыш қондырғысы таңдалды.
Үшінші таралымда – баптауышты автоматтандыру әрекеті қарастырылды. Желдету және ауаны баптау жүйесін жобалау кезінде желдету жүйесінің құю – шығару қондырғыларын таңдауға, ауаны баптау жүйесінің баптауышын таңдауға басты назар аударылған болатын.
Құю желдету қондырғысының сырттан қабылданған ауаны өңдеу және ауаның механикалық тасымалдауын ұйымдастыру үшін қажет. Салыстырған кезде шығару қондырғылары құю қондырғыларынна қарағанда қарапайымдау. Олардың басты міндеті - ауаның механикалық тасымалдауын ұйымдастыру.
Қазіргі заманда баптауыш көптеген әр түрлі қызметтерді атқарады. Қазіргі баптауыштар көмегі арқылы адам бөлмеде өзінің жұмыс істеуі үшін, демалуы үшін қолайлы микроклимат қалыптастыра алады. Адам саны көп қалалар үшін баптауыш өте қажетті болып табылады. Төртінші таралымда жүйенің экономикасы есептен шығарылды. Есептеу нәтижесінде бөлмеден шығарылатын ауаның таза бөлігін қайта пайдалану (рециркуляция) жүйесі, тік ағынды жүйемен салыстырғанда, электр қуатын жылына 57 895,6 кВт∙сағ, жылу қуатын 688,9 Гкал үнемделгенін көрсетті. Ал осы көрсеткіштердің теңгеге шаққандағы жылдық құны 4 526 987,3 теңгені құрады. Бірақ рециркуляция қолдану кезінде металл қажеттілігі 3,4 т және ауа өткізгіштерінің құны 853 496тг артты.
Энергия үнемдеу мақсатында рекуператор қолдану қымбат, тек энергия тұтыну жоғары шамада болатын жағдайда ғана орны өтеледі деген тұжырым бар. Бұл дегені - Қазақстанда бұл жүйені қолдану қазіргі кезде тиімсіз. Мен бұл тұжырыммен келіспеймін. Бізде жылу тасымалдағыштардың құны еуропалық елдермен салыстырғанда төмен және климатымыз шұғыл континентальды: қыс салқынырақ, ал жаз ыстықтау. Сол себепті желдету жүйесінде құю және шығару қондырғысында айқас ағынды жылытқышты пайдалану орны тез өтелінеді. Қазіргі заманда жоғары технологиялық қондырғыларға инвестиция құю арқылы біз шығым үнемдеу үшін инвестиция жүргізу мүмкіндігіміз бар.