Добавить проект
Прочитать правила
Платный доступ
Авторизация:
Информация


Иностранные чертежи » Казахстан : Дипломные и курсовые работы : Архитектура : Коттеджи и дачи : Курстық жоба - Қостанай қаласындағы екі қабатты, төрт бөлмелі жеке тұрғын үй

Курстық жоба - Қостанай қаласындағы екі қабатты, төрт бөлмелі жеке тұрғын үй

| Рб:
2
| Платформа: Revit, PDF | Поместил: laurayss | Дата: 7.9.22 13:46 | Год выпуска: 2021 | Размер: 32.93 MB | Скачали: 1
Коротко о файле: ЕНУ / «Ғимарат және имараттарды жобалау» кафедрасы / «Ғимараттың құрылыстық жобалауы» пәні бойынша / Қостанай қ. 2 қабатты 4 бөлмелі жеке үй. / Құрамы: сызбалардың 18 парағы (титулдық Парақ; Жалпы жоспар; 4 (төрт) қасбет; қабаттар жоспарлары (1-қабат; 2-ші және басқа, астыңғы қабат); 2 (екі) секция: бойлық (1-1) және көлденең (2-2) секциялар; іргетастар, шатырлар, шатырлар және т. б. итарқа; кемінде 4 (төрт) түйін) + түсіндірме жазба.
Курстық жоба - Қостанай қаласындағы екі қабатты, төрт бөлмелі жеке тұрғын үй

Мазмұны
Курстық жоба (жұмыс) тапсырмасы     2
Эскиздік жоба     3
Кіріспе     4
1. Бас жоспар       5
2. Ғимараттың функциональдық тағайындалуы     7
3. Ғимараттың көлемдік-жайғастыру шешімі      8
4. Ғимараттың негізі және іргетасы    9
5. Ғимараттың көтергіш және басқа конструкциялары    12
5.1 Ғимараттың қабырғалары    12
5.2 Ғимараттың қабырғаларының тепло-техникалық есебі    15
5.3 Ғимараттың ара жабын тақта жоспары    17
5.4 Ғимараттың төбе жабын тақта жоспары    19
5.5 Ғимараттың шатыр жоспары    20
5.6 Ғимараттың терезелері және есіктері    25
5.7 Ғимаратқа қолданылатын баспалдақ     26
6. Ғимараттың инженерлік жүйелері     29
7. Қорытынды    31
8. Пайдаланған деректер көзі    32
Қосымшалар    34
№1 қосымша: Бас жоспарды жобалау кезінде қолданылған нормативтік құжаттар    34
№2 қосымша: Негіз және іргетасты жобалау кезінде қолданылған нормативтік құжаттар    34
№3 қосымша: Ғимараттың қабырғасының тепло-техникалық есебі кезінде қолданылған нормативтік құжаттар    35
Курстық жобаның ғылыми жетекшісі, жоба авторы туралы мәлімет    36
Сведения об авторе, проекте и научном руководителе курсового проекта    36
Information about the author, project, and supervisor of the course project    37
Тұжырымдама/аннотация/ annotation    38-40

Аз қабатты жеке үйдің үй-жайларының негізгі топтары:
Тұрғын үй: қонақ бөлме, жатын бөлме, бала бөлмесі.
Жеке гигиена бөлмелері: жуынатын бөлме, жуынатын бөлме, бу бөлмесі.
Шаруашылық бөлмелер: ас үй, пеш бөлмесі.
Коммуникациялық үй-жайлар: холл, тамбур, холл.
Үй жанындағы жазғы үй-жайлар: кіреберіс, терраса, балкон.

Жатын бөлмелер өтпелі емес және табиғи жарығы бар. 2 қабаттағы 1 жатын бөлме 2 адамға арналған, ауданы 15,2 м2, биіктігі 2,688м; 2 қабаттағы 2 жатын бөлме 1 адамға арналған, ауданы 12,5 м2, биіктігі 2,688м;
Ас үй жертөлемен және бақшамен байланысы бар. Бақша қақпасымен, үйдің есігімен, балалар ойнайтын алаңмен және террассамен көрнекі байланыс орнатылған. Ас үй кіреберіспен, үй жұмыстарын істейтін үй-жайлармен де жақсы байланыста орнатылған. Ауданы 15,8 м2, биіктігі 3,310м;                        Пеш бөлмесінде өрт қауіпсіздігі шарттары орындалған және де үйді салқын, ыстық сумен жабдықтайтын сужылытқыш, гидроаккумулятор орнатылған. Ауданы 5,3 м2, биіктігі 3,310м;
Жуынатын бөлмелер біріктірілген болып табылады және үйдің әр қабатында орналастырылған: 1 қабаттағы жуынатын бөлме ауданы 9,8 м2, биіктігі 3,310м; 2 қабаттағы жуынатын бөлме ауданы 6,7 м2, биіктігі 2,688м;                    
Бу бөлмесінде(баня) талаптарға сай ыстық ауамен баптау орнатылған, ауданы 4,3 м2, биіктігі 3,310м;
Холл 1 қабатта кіреберістен баспалдаққа дейінгі алаңды алып жатыр, ауданы 11,5 м2, биіктігі 3,310м; 2 қабатта холл баспалдақтан көтерілгеннен кейін, балкон мен жатын бөлмелерге дейінгі алаңды алып жатыр, ауданы 11,7 м2, биіктігі 2,688м;                                                                    Тамбур есіктен кіре берістегі алаң, ауданы 3,6 м2, биіктігі 3,310м;            Кіреберіс үйдің жанында орналасқан, 2 баспалдақпен байланысқан, ауданы 7,2 м2, биіктігі 3,641м;                                                    Балкон 2 қабатта орналасқан, ауданы 11,4 м2, биіктігі 2,688м;

Қорытынды
Ғимараттың құрылыстық жобалауы бойынша жасалынған бұл жұмыстың мақсаты сәулеттік жобалау негіздері мен жеке тұрғын үйді жобалау және олардың сәулеттік конструкциялары жобалау арқылы олармен танысу болды. Жеке тұрғын үйдің сәулеттік конструкцияларын жобалау принциптері, сондай-ақ олардың жеке бөліктеріне қойылатын талаптарды; конструктивтік сұлбасы, құрылыстық құрылымдардың элементтері, олардың қазіргі жұмыстағы өзара байланысы туралы мәліметтер қарастырылды.
Үйдегі технологиялық үрдіске сәйкес тиімді функциональдық және көлемдік-жоспарлау шешімін табумен қатар, үйдің конструкцияларын және конструктивтік элементтерінің қосылу бөлшектері мен тораптары талқыланды.
Жұмыстың екінші бөлігі – сыртқы қоршаулардың, қабырғаның тепло-техникалық есебін есептеу. Ғимараттың көтергіш және басқа конструкцияларының жоспарлары мен конструктивті шешімдері қарастырылған.
Ғимаратты жобалау барысында тұрғылықты ортаның қалыптасуы кешенді етіп және адамның әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етіп, соның ішінде, тұрғын үйде, аумақтарды абаттандыруда жоғарғы деңгейге жеткіздіріп, жеке тұрғын үй құрылысы аудандарының санитарлық техникалық қолайлығының деңгейі жоғарылатылды. Жеке тұрғын үй құрылысы аудандарын орналастыру, жобалау, құрылысын жүргізу және пайдалану табиғи-климаттық, санитарлық-гигеналық, қоршаған ортаны қорғау, адам денсаулығын қорғау талаптарын ескере отырып өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес атқарылды.



Содержимое архива

Проекты (работы, чертежи) можно скачать став участником и внеся свой вклад в развитие. Как скачать ? подробнее >>>>>>>
 
Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.