Добавить проект
Прочитать правила
Платный доступ
Авторизация:
Информация


Иностранные чертежи » Казахстан : Дипломные и курсовые работы : Архитектура : Здания социально-бытового назначения : Дипломдық жоба - Четырехэтажная қонақ 33 х 22 үйі Шымкент қ.

Дипломдық жоба - Четырехэтажная қонақ 33 х 22 үйі Шымкент қ.

| Рб:
3
| Платформа: AutoCad | Поместил: dzonnnnn | Дата: 22.12.15 06:12 | Год выпуска: 2013 | Размер: 2.34 MB | Скачали: 0
Коротко о файле: IV ауданға тән нормативті жел күші - 0,48 кПа; Қар қабатының салмағы I ауданға тән - 0,50 кПа; Ауаның есептелген температурасы - 19 оС; Ауданнның сейсмологиялық деңгейі - 8 балл; Ылғалдылық зонасы - құрғақ;
Ішкі есептелген температура - 20 оС. 9 парақ сызбалар + түсіндірме жазба.
Дипломдық жоба - Четырехэтажная қонақ 33 х 22 үйі Шымкент қ.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Сәулеттік-құрылыстық бөлім
2. Есептік-құралымдық бөлім
3. Өндірістік-экономикалық бөлім
4. Еңбекті қорғау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жобада қонақүйдің негізгі және қоршайтын конструкцияларын есептеу және салудың архитектуралық-құрылыстық шешімдері қарастырылған. Монолитті ригельсіз каркасты тұрғызу жұмыстарының жобасы жасалды. Дипломдық жоба заманауи және жайлы ғимарат салу мақсатында құрастырылған, құрылыс саласына қолданылатын әдебиеттер негізінде жасалды. Жобада жаңа материалдар мен технологиялар қолданылды. Құрылыс алаңын таңдау ғимараттың беріктігін қамтамасыз ету және инженерлік-геологиялық шарттарды есепке ала отырып қабылданды.
Құрылыс жобасы Қазақстан Республикасындағы ағымдағы нормативтік құжаттамаларға сай жасалды.
Жобада мүмкіндігінше экологиялық қауіпсіз, экономикалық тиімді және монтаждауға және қайта өңдеуге жеңіл материалдар мен механизмдер пайдаланылды, ол өз кезегінде құрылыстың құны мен уақытын біршама азайтуға мүмкіндік берді.
Жоба экологиялық талаптар, санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы және басқа да талаптарға, нормалар мен ережелерге сәйкес келеді және объектінің адамдардың денсаулығы мен өмірлеріне қауіпсіз түрде пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Дипломдық жобаның сәулеттік-құрылыс бөлімі толық архитектуралық-жобалау шешімдерінен тұрады.
Есептік-құралымдық бөлімде құрылыс конструкциясының құнына есептеулер жүргізілді.
Өндірістік-экономикалық бөлімде ғимаратты салу технологиясы, құрылысты ұйымдастыру, күнтізбелік жоспар жасау, ұйымдастырудың ең тиімді түрін таңдау қарастырылған, жергілікті және объектілік смета жасалды, жобаның технико-экономикалық көрсеткіштері есептелді.
Экономикалық бөлім ағымдағы жылдың бағаларымен жүргізілді.
Өмір қауіпсіздігі бөлімінде жұмысшылардың өміріне және денсаулығына қауіпті факторлар сарапталды және қауіпсіз жұмысты ұйымдастыру шаралары ұсынылды.
Дипломдық жоба Қазақстан Республикасының нормативті құрылыс құжаттамаларына сәйкес орындалды.
Құрылыс көлемі: Vстр = 12 872,3 м3;
Жалпы құрылыс ауданы: Sобщ = 3004 м2
Сметалық құны 453 604 000 теңге;
Ғимараттың 1 м3 құны 35 238 тг/м3;
Құрылыстың 1 м2 пайдалы ауданының құны: 151 000 тг/м2
Құрылыстың нормативті ұзақтығы: 12 ай
Құрылыстың шын ұзақтығы: 10,5 ай
Жұмысшылардың максималды саны – 101
Жұмысшылардың орташа саны - 44


Содержимое архива

Проекты (работы, чертежи) можно скачать став участником и внеся свой вклад в развитие. Как скачать ? подробнее >>>>>>>
 
Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.