Добавить проект
Прочитать правила
Платный доступ
Авторизация:
Информация


Иностранные чертежи » Казахстан : Дипломные и курсовые работы : Архитектура : Здания социально-бытового назначения : Дипломдық жоба - Ақтөбе қаласындағы медициналық оңалту орталығы

Дипломдық жоба - Ақтөбе қаласындағы медициналық оңалту орталығы

| Рб:
5
| Платформа: AutoCad | Поместил: akzh | Дата: 22.8.18 04:48 | Год выпуска: 2014 | Размер: 2.36 MB | Скачали: 6
Коротко о файле: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ / имараттар мен ймереттерді жобалау не есептеу кафедрасы / 5В072900 – « Құрылыс» мамандығы бойынша / Құрамы: 9 парақ сызбалар + түсіндірме жазба (78 бет)
Дипломдық жоба - Ақтөбе қаласындағы медициналық оңалту орталығы

Мазмұны
1 СӘУЛЕТТІК – ҚҰРЫЛЫСТЫҚ БӨЛІМ
1.1 Құрылыс ауданы сипаттамасы
1.2 Бас жоспар
1.3 Ғимараттың көлемдік – жоспарлық шешімдері
1.4 Сәулеттік –конструктивтік шешім
1.5 Қоршағыш конструкциялардың жылутехникалық есебі
1.6 Ғимараттың инженерлік жабдықталуы
2 ЕСЕПТІК-КОНСТРУКТИВТІК БӨЛІМ
2.1 Темірбетон конструкцияларының есебі
2.1.1 Жүктеме жинақтау
2.1.2 Рама есебі
2.1.3. Темірбетон арқалық есебі
2.1.4 Темірбетон ұстын есебі
2.1.5 Қатаңдық диафрагмасы есебі
3 ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
3.1 Күнтізбелік жоспарлау
3.2 Құрылыс нысанының бас жоспарын жобалау
3.3 Негізгі құрылыс-монтаждық жұмыстарға технологиялық карталар
3.4 Техникалық қауіпсіздік және өндірістік санитария
4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
4.1 Сметалық есептер
4.1.1 Жергілікті сметаны дайындау
4.1.2 Нысан сметасын дайындау
4.1.3 Құрылыс құнының жиынтық смета есептері
4.1.4 Технико – экономикалық көрсеткіштер
5 ЕҢБЕК ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА ҚАУІПСІЗДІГІ
5.1 Еңбек қауіпсіздігі
5.2 Қоршаған ортаны қорғау
5.3 Өрт қауіпсіздігі шаралары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Медициналық оңалту орталығының ғимараты бір-бірімен композициялық, технологиялық және инженерлік жабдықтармен байланысқан және “шахматтық” тәртіппен орналасқан 3 блок түрінде жобаланған. Шеткі блоктар жоспарда бірдей өлшемдерге ие – 26,4 х 21 м , ал ортаңғысының өлшемдері – 24 х 21 м. Ғимарат 4 қабаттан, жертөле қабаты және техникалық қабаттан тұрады. Қабаттардың биіктігі – 3,3 м.
Ортаңғы блок пен шеткі блоктардың бірінші қабаты - административті бөлік. Мұнда кабинеттердің басым бөлігі орналасқан: қабылдау бөлмелері, ем-шара кабинеті, асхана, буфет және т.б. 2-4 қабаттардың оң қанатында операциялық, координаторлық, наркоздық және көмекші бөлмелер орналасқан. Сол қанаты – стационар палаталары (1,2,3 кереует), санитарлық бөлмелер.
ҚР ҚНжЕ 3.02-08-2010 «Емдеу-профилактикалық мекемелер» құжатына сәйкес бөлмелер ені, кем емес : бір кереуетті палаталар үшін – 2,9 м, дәрігерлер кабинеттері және палаталық бөлімнің дәлізі үшін – 2,4 м, таңу және ем-шара бөлмелері үшін – 3,2 м, операциялық бөлме үшін – 5 м, операциялық блоктың дәлізі үшін – 2,8 м, администраторлық- шаруашылық блоктың дәлізі – 1,5м.
Орталықтың негізгі аумағы табиғи жарықпен қамсыздандырылған. Жасанды жарықтандырумен санитарлық бөлмелер, қоймалар, фотолаборатория, клизмалық бөлме, гигиеналық ванналар, қызметшілерге арналған душ бөлмелері, әйел адамдардың жеке гигиена бөлмелері, наркоздық, операция алдылық және аппараттық бөлмелер жабдықталған. Палаталық бөлімдердің дәліздері бүйір қабырғаларында орналасқан терезелер арқылы табиғи жарықпен қамсыздандырылған <3>.
Жарықтандыру бағдары ҚР ҚНжЕ 3.02-08-2010 «Емдеу-профилактикалық мекемелер» құжатына сәйкес қабылданған <4>:
- палаталар - О, ОШ, Ш, С және СБ – бөлімшедегі 50 % кереует санынан көп емес.
- операциялық бөлмелер - С, СШ, СБ.
Барлық операциялық бөлмелер 1 операция үстеліне жобаланған. Операциялық блок екі изолирленген бөлімшелерден тұрады: септикалық және асептикалық.Ғимараттың ортаңғы блогында жолаушылар және жүк лифттері және әр блокта баспалдақ жобаланған.

Медициналық оңалту орталығының ғимараты жиналмалы темірбетон конструкциялармен жобаланған; сыртқы қабырғалары өзін-өзі көтергіш кірпіш қабырғалардан тұратын қаңқалы ғимарат.
Ғимараттың кеңістіктік орнықтылығы қатаңдық диафрагмалары мен жабын дискілерінің бірлескен жұмысымен қамтамасыз етіледі.
Нормативті тұрақты және уақытша жүктемелердің мәні және сәйкесінше коэффициенттер нормативтерге сай алынды <5>.
Іргетастар. Қадалы негіздегі тұтас құймалы темірбетон тақталар <6>.
Қаңқа элементтері. Ғимарат қаңқасы құрастырмалы темірбетон элементтерден тұрады. Ұстындар қимасы 400х400. Құрастырмалы темірбетон конструкцияларда барлық металл детальдары мен қосылыстары 100 маркалы қалыңдығы 25 мм цемент ерітіндісінің қабатымен жабылған; ал ашық металл конструкциялары мен детальдары 2 қабат майлы бояумен қапталған.
Ара жабындар. Ара жабындар мен жабындар – құрастырмалы темірбетон. Аралық қабырғалар орнатылғанға дейін ара жабынның қырлы және құймалы бөліктерінің қуыстары 50 маркалы керамзитпен толтырылады, γ = 1200 кгс/м³.
Едендер. Едендер дыбыс оқшаулағыш қабат – 25 мм, тегістегіш қабат – 50 мм және жабыннан (линолеум, плитка т.б.) тұрады.
Баспалдақтар. Құрастырмалы темірбетон және жиналатын темірбетон сатылардан тұрады. Сыртқы өрт баспалдақтары – темірден жасалған. Сатылардың биіктігі – 150 мм, ені – 300 мм.
Қабырғалар. Жертөле қабырғасы құрастырмалы бетон блоктардан құрастырылған. Жертөлелік қабырға конструкциялары топырақтың қырлық қысымынан түсетін жүктемеге γр = 1700 кгс/м2 және жер бетіндегі уақытша жүктемеге Рп = 1000 кгс/м2 есептелген.
0,000 белгіден жоғары сыртқы қабырғалар – өзін-өзі көтергіш, қалыңдығы 510 мм кірпіш қабырғалар.
Жертөле қабырғасының топырақпен жанасатын барлық сыртқы қабаттары 2 қабат ыстық битуммен жабылған.
Маңдайшалар – тұтас құймалы темірбетон.
Ара қабырғалар. 1-4 қабаттарда – қалыңдығы 80 және 100 мм болатын құрастырмалы гипсокартон (RIGIPS). Тағайындалуына байланысты бір немесе екі қабат қаңқада, бір немесе көп қабатты жамаумен, әр түрлі қалыңдықты оқшаулағышпен жиналады. Аталған элементтерді комбинирлеу арқылы орнықтылық пен дыбыс оқшаулаудың қажетті көрсеткіштерін алады. Қажеттілік болса, ара қабырға өртке қарсы функция атқаруы мүмкін. Ара қабырғалар “ылғал” процестер (еденді нивелир-массамен тегістеу) аяқталып, ғимараттағы ылғал режимі нормаланғаннан кейін монтаждалады. Жертөле мен техникалық қабаттың ара қабырғасы – бір кірпіштен тұратын кірпіш қабырға.
Лифт шахталары жиналмалы темірбетон элементтерден тұрады.
Төбе жабын. Біріктірілген, ішкі суағары бар рулонды, жылытқыш – қалыңдығы 150 мм пенобетон плиталары. Еңістік керамзит қиыршық тастан γ = 500 кгс/м3 жасалады.
Терезелер мен сыртқы есіктер. Алюминий термооқшауланған профильдерден орындалған, жылытылатын тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың барлық шарттарына (дыбыс, жылу, ауа, ылғал оқшаулау бойынша) жауап береді.
Қасбетті тереземен жабу үшін өзін-өзі көтергіш, жылу оқщауланған және экономикалық конструкциялардың алюминий жүйесі қолданылады.
Холл –қысқы бақ – энергия сақтаушы терезе пакеттерімен алюминий профильдерінен жасалған.
Терезе пакеттеріне декоративті элементтер, тонирленген және соққыға қарсы терезелердің орнатылуы мүмкін.

Ғимараттың технико-экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер аталуы

Өлш.бірл.

     Саны

Құрылыс көлемі

м3

29030,4

Жалпы ауданы

м2

9918,7

Пайдалы ауданы

м2

5002,0

 К-1 коэффициенті

 

0,504

 К-2 коэффициенті

 

5,804

ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жоба - Ақтөбе қаласындағы медициналық оңалту орталығы
Сәулет – құрылыс бөлімінде көлемдік – жоспарлық және конструктивтік шешімдер, сондай-ақ ғимарат қоршағыш қабатының жылутехникалық есебі орындалды.
Есептік –конструктивтік бөлімде “Мономах 4.5” бағдарламалық кешенінде ғимараттың рама есебі, сондай-ақ жеке жиналмалы темірбетон элементтері – ұстын, арқалық және қатаңдық диафрагмасының есебі келтірілген.
Ұйымдастыру – технологиялық бөлімде салыстыру нәтижесінде келесідей құрылыс машиналары мен механизмдері таңдалып алынды : монтаждық жұмыстар үшін – жер асты жұмыстары үшін өздігінен қозғалатын КС-3571, жер үсті жұмыстары үшін мұнаралы кран КБ – 503, бетон және темірбетон жұмыстары үшін бетонсорғыш. Іргетас орнатуға және типтік ярус конструкцияларын монтаждауға технологиялық карталар жасалды. Жұмыстар көлеміне негізделіп жұмысшылар мен машиналық уақыттың еңбек шығындары есептеліп, құрылыстың күнтізбелік жоспары жасалды. Күнтізбелік жоспар бойынша құрылыс ұзақтылығы 17 ай. График бойынша ауысымдағы максималды жұмысшы саны 44 адам. Ауысымдағы максималды жұмысшы санына негізделіп қоймалары мен алаңшалардың ауданы, уақытша ғимараттардың құрамы мен ауданы, құрылыс алағының суға, электр қуатына қажеттілігі ескеріліп құрылыстық бас жоспар дайындалды.
Экономика бөлімінде жер жұмыстарына жергілікті смета, жергілікті ресурстық, нысандық және құрылыс нысаны құнының жиынтық смета есебі келтірілген.
Еңбек және қоршаған орта қауіпсіздігі бөлімінде материалдарды транспорттау, машиналар мен механизмдерді пайдалану, жұмыстар өндірісі кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша негізгі талаптар келтірілген. Сондай-ақ қоршаған ортаға келуі мүмкін залалдар мен оларды болдыртпаудың жолдары қарастырылған.

 


Содержимое архива

Проекты (работы, чертежи) можно скачать став участником и внеся свой вклад в развитие. Как скачать ? подробнее >>>>>>>
 
Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.