Добавить проект
Прочитать правила
Платный доступ
Авторизация:
Информация


Иностранные чертежи » Казахстан : Дипломные и курсовые работы : Архитектура : Промышленные здания : Дипломдық жұмыс(колледж) - 2-ші категориялы аудандық санитарлы-эпидемиологиялық станция

Дипломдық жұмыс(колледж) - 2-ші категориялы аудандық санитарлы-эпидемиологиялық станция

| Рб:
5
| Платформа: AutoCad | Поместил: Erkebulan1997 | Дата: 24.12.19 13:06 | Год выпуска: 2017 | Размер: 6.94 MB | Скачали: 2
Коротко о файле: ШЫҒЫС ТЕХНИКАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ, «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» факультеті / Дипломдық жұмыс А1 Форматты 6 беттен тұрады.1 бет-Қасбет,тілік,қабат жоспары,бас жоспар,экспликациялар.2 бет-Іргетастардың орналасу жоспары,жабын жоспары,шатыр жоспары,түйіндер,2-ші қабат жоспары,Іргетас, жабын, маңдайша, анкерлер спецификациясы.3бет-Төбе жабыны 60-15 схемасы, ПК 60-15 тақтасының есептік схемасы ,2 ПБ 16-2 маңдайшасының есептік схема,тор 1-2, кеңістікті қаңқа.4 бет-Өндірістік жұмыстардың схемасы,тілік,тас қалаушының жұмыс орнын ұйымдастыру,еңбек шығындарының калькуляцияцы, жұмыстарды жүргізу кестесі,сапаны оперативті басқару,технико-экономикалық көрсеткіштер,КС4517 кранының сипаттамасы.5 бет-Күнтізбелік жоспар,жұмысшылар қозғалысының біркелкілік емес графигі,механизмдер мен машиналар қозғалысының графигі,технико-экономикалық көрсеткіштер.6бет-Құрылыстық бас жоспар,технико-экономикалық көрсеткіштер,экспликациялар.Дипломдық жұмысқа түсіндірме жазба.
Дипломдық жұмыс(колледж) - 2-ші категориялы аудандық санитарлы-эпидемиологиялық станция

КІРІСПЕ
1 СӘУЛЕТТІК-ҚҰРЫЛЫСТЫҚ БӨЛІМ
1.1 Бастапқы деректер
1.2 Бас жоспар. Көріктендіру
1.3 Көлемдерді жоспарлау шешімдері
1.4 Құрылымдық шешім
1.5 Сәулет-көркемдік шешім
1.6 Инженерлік құралдар
2 ЕСЕПТІК-ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМ
2.1 Алдын ала қысымға алынған көп құысты жабын плитасының есебі
2.1.1 І топтың шекті жағдайы бойынша көп құысты плиталардың есебі
2.1.2 ІІ топтың шекті жағдайы бойынша көпқұысты плиталардың есебі
2.2 Маңдайша есебі
2.2.1 2ПБ16-2 Жүк көтермейтін маңдайша есебі
2.2.2 Жүк көтермейтін маңдайша есебі 2ПБ13-1
2.2.3 Маңдайшаларды құрастыру
3 ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ
3.1 Объект бойынша жұмыстарды істеудің күнтізбелік жоспары
3.2 Объектінің құрылыс бас жоспарын жобалау
3.3 Металлжабынқышты жабумен ағаш тіреуіш шатырды орнатуға технологиялық картаны әзірлеу
3.4 Қабырғаларды кірпішпен қалауға технологиялық картаны әзірлеу және онымен бірге жүретін жиынтық құрылымдарды монтаждау процесі
3.5 Қауіпсіздік техникасының негізгі ережелері
4 ҚҰРЫЛЫС ЭКОНОМИКА БӨЛІМІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Ақтау қаласындағы әкімдік жоспарда 48х24 м өстерінде тік бұрышты болып жоспарланған. Ғимарат қаңқасыз салмақ түсетін тас қабырғалары бар, жертөле қабаты бар 1 қабатты, жылы шатыры бар. Қабаттардың биіктігі 3,0 м, шатырдың биіктігі ауыспалы, жертөле қабатының биіктігі – 2,0 м. Салыстырмалы белгі ретінде бірінші қабаттың таза еденінің деңгейі ±0.00 қабылданған. Шатыр – төртеңісті тіреуішті, төбе металлжабынқыштан жабылады. Қабаттар арасын тікелей байланыстыру үшін ғимаратта баспалдақ торлары қарастырылған.

Бірінші қабатта 36 орынға арналған асхана орналасқан. Келушілерге өз өзіне қызмет көрсету тәсілімен қызмет көрсетіледі.
Банк бөлімшесінде:
• ақша салымын қабылдау және беру;
• айырбастау орны;
• коммуналдық қызметтерге және телефонға төлемдер қабылдау көзделген.
Жұмысшылар мен қызметшілерге қызмет көрсету үшін заманауи аппараттар мен құрал-жабдықтармен жабдықталған стоматология кабинеті, медициналық көмек көрсету орны жобаланған.
Екінші және үшінші қабаттарда жеке кәсіпкерлер офистары орналасқан.
Төртінші және бесінші қабаттарда «Жасыл шаруашылық комбинаты» шағын кәсіпорны орналасқан.
Жобаланатын ғимараттың төртінші қабатында: есептеу орталығы бөлмелері; бас инженер және бас агроном кабинеті; өндірістік-техникалық және жобалау бөлімдері; аумақты жайластыру және қамтамасыз ету бөлімдері; қосымша мақсаттағы бөлмелер орналасқан.
Бесінші қабатта: бухгалтерия кабинеттері; шеберлер бөлмелері және отырыстар залы; басшы және оның орынбасарының кабинеттері; қабылдау бөлмесі; бас менеджер кабинеті және іс жүргізу бөлімі; кеңсе; қосымша бөлмелер.

Ақтау қаласындағы әкімдік: Ғимарат қаңқасыз салмақ түсетін тас қабырғалары бар, жертөле қабаты бар 1 қабатты, жылы шатыры бар.
Іргетас – темірбетонды таспалы, блоктардан тұрады.
Сыртқы қабырғалар – кәдімгі кірпіштен, қалыңдығы 510 мм,  =1800 кг/м3, М50 маркасының цемент-құмды ерітіндісінде.
Ішкі қабырғалар – кәдімгі кірпіштен, қалыңдығы 390 мм,  = 1800 кг/м3, М50 маркасының цемент-құмды ерітіндісінде.
Аралықтар – кірпіштен, қалыңдығы 190 мм.
Жабу және төбені жабу– темірбетонды көпқуысты панельдер, 1.141-1 63 сериясы бойынша қалыңдығы 220 мм және монолитті учаскелер.
Терезелер – МСТ 30674-99 "Поливинилхлорид кескіндерінен терезе блоктары" бойынша – екікамералы шыныпакеттер. Шыны қасиеттерін модификациялау үшін "энергияны үнемдеу шынысы" технологиясы қолданылады: бетке төменэмиссионды оптикалық жабындарды жағу. Оптикалық жабыны бар шыны терезе арқылы кететін жылу энергиясының 90%-дан жоғары жылуын бөлмеге қайтадан түсіреді.
Есіктер – МСТ 14624-84 бойынша ағаштан.
Маңдайшалар – жиынтық темірбетонды, I.038.I-I сериясы бойынша білеулі;
Баспалдақ – МСТ 9818-85 бойынша жиынтық темірбетонды марштар және алаңдар.
Жылытқыш – пенополистирол (ТУ 6-05-11-78-78).
Шатыр – ағаш тіреуіш бойынша металлжабынқыш, төртеңісті.
Горизонталь суоқшаулау цемент-құмды ерітіндіден. Тік суоқшаулау – 2 рет битуммен жағу.
Күнқағарлар – монолитті темірбетоннан.
Едендер – керамикалық, линолеум төселген, мозайкалық
Төсеніш – бетонды.


Содержимое архива

Проекты (работы, чертежи) можно скачать став участником и внеся свой вклад в развитие. Как скачать ? подробнее >>>>>>>
 
Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.