Коротко о файле:Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ / Тақырыбы: «Елді мекенді газбен жабдықтау» / Кұрамы: 1 парақ сызба + Түсіндірме жазба
Кіріспе
1. Тұрғын үйлердегі газдың жылдық шығыны
2. Газдың сағаттық есептеу максималды шығынын анықтау
3. Газбен жабдықтау жүйесін таңдау
4.Төменгі қысымдағы газ желілерін гидравликалық есептеу
5. Тұйық тармақтарды гидравликалық есептеу
6. Қорытынды
7. Қолданылған әдебиеттер
8. Қосымша
Тапсырма
1. Елді мекен атауы – Семей қаласы
2. Халық тығыздығы - 248
3. Өнеркәсіп мекемелеріндегі жылдық жылу мөлшері - qөм=191*109кДж/жыл
4. Пәтерлердегі ыстық сумен жабдықталған тұтынушылар үлесі:
- орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталған пәтерлер – х1=62
- газ қолданбалы су қыздырғыштармен жабдықталған пәтерлер –х2=12
- ыстық сумен жабдықталмаған пәтерлер – х3=26.
5. Қаладағы тұтынушыларды газбен қамту:
Yас =54, Yыс.су =32, Yнауб =61, Yктм =0,42, Yм =62
Қорытынды
Курстық жобаны орындау барысында келесі есептеулер жүргізілді:
Тұрғын үйлердегі газдың жылдық шығыны анықталды. Бұл бөлімде Тұрмыстық қызмет көрсету мекемелеріндегі, денсаулық сақтау мекемелеріндегі, өнім өндірмейтін мекемелеріндегі, наубайхналардағы газдың жылдық шығынын анықтадық. Сонымен қатар, жылыту, желдету және орталықтандырылған ыстық су дайындауға жұмсалатын газдың жылдық шығынын анықталды.
Газдың сағаттық есептеу максималды шығынын анықтау. Мұнды төменгі және орташа қысымдағы тұтынушылардың есептеу сағаттық максималды газ шығынын анықталды.
Газбен жабдықтау жүйесін таңдау бөлімінде ГРП санын анықтауға есеп жүргіздім. Газбен жабдықтау жүйесін және оның қондырғыларын таңдағанда, мыналарды ескеру қажет: - газ көзінің сипаты, газдың қасиеттері, оны тазарту дәрежесі және ылғалдылығы;
- қаланың көлемі, орналасуы мен даму ерекшеліктері, халықтың тығыздығы;
- өнеркәсіптік тұтынушылардың саны мен сипаты;
- газ құбырларын (өзендер, көлдер, теміржол тораптарын) орналастыру үшін үлкен табиғи немесе жасанды кедергілердің болуы;
- қаланы дамытудың перспективалық жоспары.
ГРП санын анықтау 3 әдіс арқылы жүзеге асырылады және осы әдістерді қолдана отырып есептеу барысында таңдалған аймақтағы ГРП саны 1 данаға тең болды.
Төменгі қысымдағы газ желілерін гидравликалық есептеу аталған бөлімде айнала жабық желілердегі және тұйық желілерге гидравликалық есептеулер жүргізілді.
Есептеу барысында барлық шарттар қанағаттандырылды.