Добавить проект
Прочитать правила
Платный доступ
Авторизация:
Информация


Иностранные чертежи » Казахстан : Дипломные и курсовые работы : Строительство : Технология строительных материалов / производство : Дипломдық жоба - Өскемен қаласындағы тиімді алтын жалатылған тастарды өндіру зауыты

Дипломдық жоба - Өскемен қаласындағы тиімді алтын жалатылған тастарды өндіру зауыты

| Рб:
4
| Платформа: AutoCad | Поместил: AidanaKuanishbai | Дата: 19.4.22 18:38 | Год выпуска: 2021 | Размер: 2.69 MB | Скачали: 0
Коротко о файле: ҚазҰТУ им К.И.Сатпаева / Тезис ЖЭС күлі сияқты қалдықтарды қолдана отырып, пластикалық әдіспен тиімді күл-керамикалық тастарды алу технологиясын жасауда ілулі. Нәтижесінде қалдықтарды қайта пайдалануды барынша қамтамасыз етеді. Осылайша, керамика өнеркәсібінде қолданылатын дәстүрлі шикізатты үнемдеу. Дипломдық жұмыста технологиялық, сәулет-құрылыс, экономикалық бөлім, автоматика және еңбекті қорғау бар. / Құрамы: 6 сурет парағы (Технологиялық бөлім. Жылу техникалық бөлім. Сәулеттік -құрылыстық бөлім. Техника экономикалық бөлім. Автоматтау және автоматтандыру бөлімі. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімі. Норма бақылау) + түсіндірме жазба (45 бет).
Дипломдық жоба - Өскемен қаласындағы тиімді алтын жалатылған тастарды өндіру зауыты

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 Технологиялық бөлім
1.1 Құрылысқа арналған алаңды таңдау
1.2 Өнім номенклатурасы
1.3 Шикізат материалдарына сипаттама
1.4 Зауыттың жұмыс тәртібі
1.5 Технологиялық сұлбаны құрастыру және баяндау
1.6 Технологиялық тізбекті сипаттау
1.7 Шихтаның химиялық құрамын есептеу
1.8 Материалдық баланс
1.8.1 Иілімді тәсілмен өндірілетін күлкерамикалық тас бұйымдарының материалдық балансын есептеу
1.9 Жабдықтарды таңдау
1.10 Күлкерамикалық тастар өндірісінің сапасын техникалық бақылау
1.12 Штаттық ведомость
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша А-Д

Керамикалық материалдар ежелгі жасанды құрылыс материалдары болып табылады, 5000 уақыт аралығында қолданылып келеді. Қазіргі таңда  қабырға материалдары арасында кеңінен қолданылады. Бұндай «өмірсүру» себебі заңды объектілі мінездемемен түсіндіріледі: жергілікті саздың таралуымен, механизацияның кез-келген деңгейіндегі технологиялық процесстің жүруімен, сонымен қатар еңбек жабдықтарының минималды жеке-меншік өндірісінен бастап автоматтандырылған зауыттардан аяқталады, соңынан экономикалық өндірісті жобалауға болады олар аз көлемді және коп көлемдегі өндірістер болып табылад.
Көптеген жылдар бойы ТЭС күл утилизациялау бойынша ғылыми-өндірістік жұмыстар жүргізілді. Күл қалдықтарын керамикалық бұйымдар өндірісінде қолдану технологияның дамуында перспективті бағыттардың бірі болып табылады. 
Күлді пайдаланудың бірінші жағдайы өндірістің технологиялық процессінің гигиеналық жіне экономикалық қауіпсіздігі және радиационды сапа мен техникалық талаптардың сипаты, олар МЕСТ 7484 және МЕСТ 530-2012.
Республикамыздағы ТЭС және ГРЭС күлдерін аглопорит өндірісінде, күлді малта тас, кірпіш, бетонға қоспа ретінде, керамзитбетонға ұсақ толтырғыш ретінде, байланыстырғыш, ұялы бетондар дайындауда қолдануға болады. Әсіресе күлді керамикалыық қабырға материалдар өндірісінде пайдаланған тиімді. Өйткені олардың минералдық құрамы саздың минералды және химиялық құрамына сай. 
Күлкерамикалық тастар физико-механикалық қасиеттері бойынша  ТУ – 21 ҚР «Күлді кірпіштер мен тастар. Кеуекті-қуысты иілімді қалыпталатын» және МЕСТ 530-2012 талаптарына жауап беруі тиіс, сонымен қатар кірпіштерді сазды және кремнеземді жыныстардан, көмірбайыту өндірісінің қалдықтарынан, минералды және органикалық қоспалардан және қоспасыз дайындалады. Кірпіштерді толық және қуыс денелі, ал тастарды тек қуыс денелі етіп дайындайды. 
 
Күлкерамикалық тастарды өндіретін зауыт Өскемен қаласында орналасатын болады, өйткені ол жақта сапалы құрылыс материалдарын қажет ететін жаңа тұрғын үй мен комплексті ғимараттардың масштабты құрылысы жүріп жатыр. Материалдарды зауыттардан тікелей жеткізу құрылыстың тез бітуіне жағдай жасайды.  
Күлкерамикалық тастарды өндіретін зауыт шикізат материалдарының кен орындарына барынша жақын орналасқан, ол эксплуатация шығындарын азайтады және шикізаттарды тасымалдауда тиімді. 
Құрылыс алаңының өлшемдері өндірісті кеңейтуді ескере отырып қабылданған. Құрылыс алаңы энергия және сумен жабдықталған. 

Технохимиялық есептер
Шихта құрамы, %
                          Иілімді саз - 85     
                          ТЭС күлі - 15   
Шикізат ылғалдылығы (W):
                          Иілімді саз - 10     
                          ТЭС күлі - 10 
Шикізат тығыздығы:
                          Иілімді саз -  1,89    
                          ТЭС күлі – 0,9

Көлемдік пайызды массалық (салмақтық) пайызға ауыстырамыз. Ол үшін 1м3 шихтаның салмағын есептейміз.
1м3-та тығыздығы 1,89 т/м3 85% саздың  салмағы: 1,89 т/м3 ∙ 0,85 = 1,6065 т;
1м3-та тығыздығы 0,9 т/м3 15% ТЭС күлінің салмағы: 0,9 т/м3 ∙ 0,15 = 0,135 т;
Жиынтығы: 1,6065+0,135 =1,7415 т, сонымен 1м3 шихтаның салмағы 1,7415 т.
Пайыздық мөлшері есптейміз: 
Саздың пайыздық мөлшері: 1,6065∙100: 1,7415 = 92,25%. 
ТЭС күлінің пайыздық мөлшері: 0,135∙100: 1,7415 = 7,75%.

ҚОРЫТЫНДЫ
Жобаланып отырған Өскемен облысының Өскемен қаласында орналасатын қуаттылығы жылына 20 млн. дана тиімді күлкерамикалық тастарын өндіретін зауыт бәсекеге қабілетті сапалы өнім шығаратын болады, ол өнімнің тез сатылып, құрылыстың өзіндік құнын тез өтеуге мүмкіндік береді.


Содержимое архива

Проекты (работы, чертежи) можно скачать став участником и внеся свой вклад в развитие. Как скачать ? подробнее >>>>>>>
 
Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.