Добавить проект
Прочитать правила
Платный доступ
Авторизация:
Информация


Иностранные чертежи » Казахстан : Дипломные и курсовые работы : Архитектура : Коттеджи и дачи : Курстық жоба - Шымкент қаласындағы 14,06 х 12,06 м 2 қабатты жеке тұрғын үй

Курстық жоба - Шымкент қаласындағы 14,06 х 12,06 м 2 қабатты жеке тұрғын үй

| Рб:
2
| Платформа: AutoCad | Поместил: Temirzhan | Дата: 15.9.22 12:29 | Год выпуска: 2021 | Размер: 9.78 MB | Скачали: 0
Коротко о файле: Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық Университеті /"Ғимарат және иматтарды жобалау" кафедралары / "Азаматтық ғимараттарды жобалау" пәні бойынша / Шымкент қаласында екі қабатты, монолитті, көтергіш қабырғалары газдалған бетон блоктардан, төрт бөлмелі террассалардан тұратын жеке тұрғын үй жобасын жасау. / Құрамы: 13 парақ суреттері (Бас жоспар, 1-қабат жоспары, 2-қабат жоспары, іргетас жоспары, еден жоспары, еден жоспары, еден жоспары, шатыр жоспары, секіргіш жоспары, 1-1 кесу, 2-2 кесу, 4 жағынан қасбеттер, 3 түйін) + түсіндірме жазба.
Курстық жоба - Шымкент қаласындағы 14,06 х 12,06 м 2 қабатты жеке тұрғын үй

Мазмұны
Тапсырма 
Эскиздік жоба 
Кіріспе 
1.Бас жоспар 
1.1 Бас жоспар экспликациясы 
1.2 Жер бедері. Климаты 
2. Ғимараттың функционалдық тағайындалуы 
3. Ғимараттың көлемдік-жайғастыру шешімі 
4. Ғимараттың көтергіш және басқа конструкциялары 
4.1 Ғимараттың негізі және іргетасы 
4.2 Қабырғалар мен арақабырғалар 
4.3 Аражабын және төбежабын 
4.4 Еден 
4.5 Баспалдақ 
4.6 Шатыр 
4.7 Есік 
4.8 Терезе 
4.9 Қақпа 
5. Қабырғаның жылу-техникалық есебі 
6. Ғимараттың инженерлік жүйелері 
7. Қорытынды 
8. Пайдаланған деректер көзі 
Қосымшалар 
Курстық жобаның ғылыми жетекшісі, жоба авторы туралы мәлімет 
Тұжырымдама/Аннотация/Annotation 

Жобаланып отырған ғимарат 2 қабаттан тұрады. Ғимаратқа кірудің 3 жолы бар. Бас кіреберістен кіргеннен сон баспалдақ арқылы екінші қабатқа көтерілуге болады. Верандадан кіру арқылы бірден ас бөлмеге, қонақ бөлмеге кіреді.  Үшінші есік қазандық арқылы кіру үшін арналған.
Бірінші қабаттың жалпы ауданы 136,7 м^2. Ғимарат күн шығысқа қарай тұрғызылады және де тұрғын үйдің терезелері көп және кей жағдайларды есіктің қызметін атқаратынына байланысты, күн жарығы электр тогын экономдауға мүмкіндік береді. Бірінші қабатта асхана және қонақ бөлме қосылған студия, әжетхана, хамам, қазандық орналасқан. 
Екінші  қабаттың жалпы ауданы 149,4 м^2. Бұл қабатта үш жатын бөлме, әжетхана, қойма орналасқан. Үш жатын бөлмеде күн шығысқа қарай орналасуына байланысты, бөлмелер жылдың 3 айында да жылуды ұзақ сақтап тұра.

Жобалау аймағы Шымкент қаласында орналасқанын ескере отырып, іргетасты монолитті темірбетонды тақтадан жасауды шештім. Жобалану аумағындағы топырақтың қату қабаты орташа 50 см. Іргетастың түрі монолитті темірбетонды тақта болғандықтан, котлованның тереңдігін 50 см етіп алуды жөн көрдім.  Қазіргі таңда іргетастың бұл түрі кеңінен қолданылады. 
Жобаланып отырған ғимараттың қабырғалары газобетоннан қаланған, қалыңдығы сызбада 400мм. Газобетон ГОСТ 21520-89қа сәйкес қалыңдығы 200 мм-лік екі блок, ұзындығы 588 мм, биіктігі 288 мм, яғни IV типті газобетон.
Ғимараттардағы шектес бөлмелерді бөлу үшін арналған ішкі тік қоршаулар арақабырғалар деп аталады. Тұрғызылатын үйдің арақабырғаларының қалыңдығы 100 мм. Арақабырғалар ғимараттағы бөлмелерді бөлудің қызметін атқарады. 
Жобаланып отырған ғимаратта темірбетонды аражабын тақтасы қолданылады. ГОСТ 28042-2013 «ПЛИТЫ ПОКРЫТИЙ ЖЕЛЕЗОБЕТОННЫЕ ДЛЯ ЗДАНИЙ И СООРУЖЕНИЙ» мемлекеттік стандартына сәйкес темірбетон тақталары анылған. Қабырғаға тірелу тереңдігі 120 см-ден кем емес, әр қабырғада әр-түрлі. 
Төбежабын – қабат пен шатырды бөлетін аражабын тақтасы. Жобаланып отырған ғимаратта төбежабын тақтасы ғимарат шатырының негізінің рөлін де атқарады. Сызба бойынша төбежабын тақталары темірбетонды тақталардан құралады. ГОСТ 28042-2013 «ПЛИТЫ ПОКРЫТИЙ ЖЕЛЕЗОБЕТОННЫЕ ДЛЯ ЗДАНИЙ И СООРУЖЕНИЙ» мемлекеттік стандартына сәйкес темірбетон тақталары алынған. Қабырғаға тірелу тереңдігі 120 см-ден кем емес, әр қабырғада әр-түрлі. 
Жолбаланып отырған ғимараттың негізі бөлмелерінде паркер тақталары қолданылған. Паркет тақтасының негізгі артықшылықтары:
1.Қарапайым құны. Паркет тақтасы бір тиынға тұрарлық деп айтуға болмайды. Дегенмен, бұл бірдей паркет пен басқа да көптеген заманауи материалдарға қарағанда әлдеқайда арзан. Үнемдеу арзан ағаш сорттарын пайдалану арқылы қол жеткізіледі.
2.Айқын жылу және дыбыс оқшаулау. Көбінесе, иесіне еденнің жақсы жылу оқшаулауы қажет емес.
Мен жобалап отырған тұрғын үй баспалдақтары екі марштан тұрады. Баспалдақ маршы дегеніміз – екі баспалдақ алаңшасын қосатын сатылар қатарынан тұратын баспалдақ құралымының бір бөлігі. Жоспарланып отырған ғимараттың биіктігі үшін екі маршты баспалдық ең қолайлы шешім болып табылады.
Жобаланып отырған ғимаратта тегіс шатыр қойылған. Тегіс шатырға еңістігі 10 ̊-қа дейін болуы керек. Менің жағдайымда еңістігі 1,5 ̊. Мұндай еңістікті алу үшін керамзит қолданылған. 
Жобаланып отқан ғимаратта кіреберіс есіктен басқаларының бәрі жасырын орнату әдісі арқылы (двери скрытого монтажа) орнатылған есіктер болып табылады. Ал верандаға және терассаға шығуға арналған есіктер стеклопакеттен жасалған. 
Болашақ тұрғын үйде панорамалық терезелер қолданылады. 
Қақпалар дегеніміз – қауіпсіздікке механикалық кедергі ретінде қызмет етеді. Қақпа темірден жасалған қаңқадан және тақтадан тұрады. 


Содержимое архива

Проекты (работы, чертежи) можно скачать став участником и внеся свой вклад в развитие. Как скачать ? подробнее >>>>>>>
 
Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.