Добавить проект
Прочитать правила
Платный доступ
Авторизация:
Информация


Иностранные чертежи » Казахстан : Дипломные и курсовые работы : Архитектура : Многоэтажные / Многоквартирные жилые дома : Дипломдық жоба - Атырау қаласындағы 12 қабатты көппәтерлі тұрғын үй

Дипломдық жоба - Атырау қаласындағы 12 қабатты көппәтерлі тұрғын үй

| Рб:
7
| Платформа: AutoCad | Поместил: Meir06 | Дата: 4.6.23 21:28 | Год выпуска: 2022 | Размер: 15.93 MB | Скачали: 1
Коротко о файле: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ / Осьтерде: 31,909 x 60,844 м. / Құрамы: 8 парақ сызбалар + PZ (экономикалық бөлім жоқ, сметалар жоқ.) 63 бет
Дипломдық жоба - Атырау қаласындағы 12 қабатты көппәтерлі тұрғын үй

Конструктивтік шешім:
Жобаланған тұрғын-үй кешені қаңқалы, монолитті темірбетонды ғимарат. Іргетастар- шаршы қималы 30х30см қағылма қадалар, қалыңдығы 1200мм В25 классты монолитті темірбетонды тақтадан жасалған ростверк.
Іргетастар:
тұрғын бөлігі бойынша- қалыңдығы 1200мм, қадалы монолитті темірбетон плита, бетон классы В25;
паркинг бойынша- h=600мм, қадалы монолитті темір-бетон ростверкпен, бетон классы В25. Монолитті қабырғалар, қатаңдық диафрагмалары, лифт шахтасының қабырғалары- қалыңдығы 200мм, В25 бетон классынан.
Жабындар- қалыңдығы 300 мм, 220 мм, 200мм монолитті темірбетонды тақталардан жасалған, бетон классы В25.
Арқалықтар - монолитті темірбетон, бетон классы В25.
Баспалдақтар- металл косоур бойынша темірбетонды жиналмалы сатылар.
Сыртқы кабырғалар- қалыңдығы 300мм газоблоктар.
Монолитті темірбетон қаңқасы рамалық-байланыстырғыш қаңқамен шешілді, онда негізгі салмақ түсетін құрылымдар ұстындар жүйесімен, аралық жабындардың көлденең арқалық дискілерімен, қаттылықтың тік диафрагмаларымен түзіледі.
Қаңқа(аражабын, жабын, ұстындар, арқылықтар) – В25 классты монолитті темірбетоннан жасалған.
Ұстындар- В25 классты монолитті темірбетоннан жасалған.
Арқалықтар- В25 классты монолитті темірбетоннан жасалған.
Аражабын және жабын тақталары- қалыңдығы- 200мм, 220мм, бетон классы В25 монолитті темірбетон.
Диафрагмалар- қалыңдығы 200мм, бетон классы В25 монолитті темірбетон.
Диафрагмалар(лифт шахтасы)- қалыңдығы 200мм, бетон классы В25 монолитті темірбетон.
Жертөленің сыртқы қабырғасы- қалыңдығы 300мм, бетон классы В25 монолитті темірбетон.
Баспалдақ марштары- темірбетонды металл косоур бойынша құрастырма баспалдақтар.
Баспалдақ алаңдары - монолитті темірбетон.
Бөгеттер(перемычки)- құрастырмалы темірбетон.

Мазмұны:
Кіріспе
1. Сәулеттік-құрылыс бөлімі
1.1 Құрылыс алаңының сипаттамасы
1.2 Бас жоспарының шешімі
1.3 Көлемдік-жоспарлау шешімі
1.3.1 Конструктивтік шешім
1.3.2 Абаттандыру және көгалдандыру
1.3.3 Мүгедектердің өмір сүру ортасын жобалау
1.3.4 Коррозияға қарсы қорғау
1.4.Ғимараттың инженерлік және санитарлық-техникалық жабдықтары
1.4.1 Су құбыры және канализация
1.4.2 Жылыту және желдету. Жалпы деректер.
1.4.3 Жылыту
1.4.4 Желдету
1.4.5 Күштік электр жабдықтары және электр жарығы
1.5 Жылутехникалық есеп
1.5.1 Сыртқы қабырғаны есептеу
2 Есептік-құрылымдық бөлім
2.1 Тұрғын үйдің кеңістіктік қаңқасын есептеу
2.2 Аспалы қағылма қаданың көтеру қабілеттілігі Fd.
2.3 Тұрғын үй ғимараты астындағы қада іргетасының шөгуін есептеу
2.4 Тұрғын үйдің іргетасты роствергі үшін қадалардың қалдық отказды анықтау
3 Құрылыс өндірісінің технологиялық бөлімі
3.1 Құрылыстың күнтізбелік жоспары
3.1.1 Құрылыстың ұйымдастыру-технологиялық схемасы.
3.1.2 Құрылыстың геодезиялық негізі
3.1.3 Уақытша ғимараттар мен имараттар
3.2 Құрылыс бас жоспары
3.3 Негізгі жұмыстарды өндіру әдістері
3.3.1 Жер жұмыстары
3.3.2 Монолитті бетон және темір-бетон жұмыстары
3.3.3 Тас қалау
3.3.4 Әрлеу жұмыстары
3.3.5 Қысқы уақытта жұмыстарды жүргізу
3.3.6 Технологиялық жабдықтарды монтаждау
4 Құрылыс өндірісін ұйымдастыру бөлімі
4.1 Құрылыста жұмыс өндірісін ұйымдастыру
4.2 Жұмыс орнын дайындау
4.3 Материалды жұмыс орнына жеткізу
4.4 Арматуралық жұмыстарды ұйымдастыру және өндіру технологиясы
4.5 Қалыптау жұмыстарын ұйымдастыру және өндіру технологиясы
4.6 Бетондау өндірісін ұйымдастыру және технологиясы
4.7 Тас жұмыстарын өндіру технологиясы
4.8 Құрылыс сапасын бақылау және жұмысты қабылдау
4.9 Материалды-техникалық ресурстарға қажеттілік
6 Құрылыста еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасы
6.1 Қауіпсіздік техникасы
6.2 Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережесі
6.3 Өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар
6.4 Өрт қауіпсіздік ережелері
7 Қоршаған ортаны қорғау
7.1 Қоршаған ортаны қорғау шаралары
7.2 Құрылыс жұмыстарын өндірудегі қоршаған ортаны қорғау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Қорытынды:
«Атырау қаласындағы 12 қабатты көп пәтерлі тұрғын үй» атты дипломдық жұмысым Қазақстан Республикасының Құрылыс нормалар мен ережелер, МЕМСТ стандарттарына, құрылыс ережелеріне және тағы да басқа құрылыс-нормативтік ережелеріне сәйкес жасалынды. Менің дипломдық жұмысым жобалау тапсырмасына сәйкес орындалды. Оның құрамына барлық сызбалар және түсіндірме жазба кіреді.
Сәулет-құрылыс бөлімінде бас жоспар, көлемдік-жоспарлық шешімдері, конструктивтік шешімі және ғимараттың инженерлік және санитарлық-техникалық жабдықтары қарастырылды. Жылу техникалық есебі жүргізілді.
Есептік-конструктивті бөлімде тұрақты және уақытша жүктемелерді анықтай отырып, ұстынмен батыру ростверк есебі, аспалы қағылма қаданың көтеру қабілеттілігі, тұрғын үй ғимараты астындағы қада іргетасының шөгуін есептеу, тұрғын үйдің іргетасты роствергі үшін қадалардың қалдық отказды анықтау есептелінді.
Құрылыс өндірісінің технологиялық бөлімінде құрылыстың геодезиялық негізі, уақытша ғимараттар мен имараттар есептеу, құрылыс бас жоспары, негізгі жұмыстарды өндіру әдістері, жер жұмыстары, монолитті бетон және темір-бетон жұмыстары, тас қалау, әрлеу жұмыстары, қысқы уақытта жұмыстарды жүргізу және технологиялық жабдықтарды монтаждау тақырыптары қарастырылды.
Құрылыста жұмыс өндірісін ұйымдастыру бөлімінде жұмыс орнын дайындау, материалды жұмыс орнына жеткізу, арматуралық жұмыстарды ұйымдастыру және өндіру технологиясы, қалыптау жұмыстарын ұйымдастыру және өндіру технологиясы, бетондау өндірісін ұйымдастыру және технологиясы, тас жұмыстарын өндіру технологиясын анықтап, жазып шықтым.
Еңбeк қорғау бөлімінде құрылыс кезінде және ғимаратты қолдану кезінде қауіп-қатер мен зияндылықтaрдың талдаулары келтірілді.
Қоршаған ортаны қорғау бөліміндe жұмысшыларды қорғау мәселелері көрсeтілді.


Содержимое архива

Проекты (работы, чертежи) можно скачать став участником и внеся свой вклад в развитие. Как скачать ? подробнее >>>>>>>
 
Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.