Добавить проект
Прочитать правила
Платный доступ
Авторизация:
Информация


Иностранные чертежи » Казахстан : Дипломные и курсовые работы : Строительство : ТСП / ТВЗ : Курстық жоба - Ақтау қаласындағы бірқабатты өндірістік ғимараттың құрастырмалы темірбетон конструкцияларын монтаждау 48 х 48 м

Курстық жоба - Ақтау қаласындағы бірқабатты өндірістік ғимараттың құрастырмалы темірбетон конструкцияларын монтаждау 48 х 48 м

| Рб:
1
| Платформа: AutoCad | Поместил: yrys02 | Дата: 11.12.23 19:08 | Год выпуска: 2023 | Размер: 1.80 MB | Скачали: 0
Коротко о файле: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті / «Құрылыс кафедрасы» / «Құрылыс өндірісінің технологиясы ІI» пәнінен курстық жұмысына / Мамандығы 6B07329 «Ғимараттар мен имарттарды жобалау» / Құрамы: 2 парақ сызбалар (архитектуралық тапсырма, Кранның қозғалысы, бағандарды монтаждау, арқалықты монтаждау, плитаны монтаждау, сыртқы қабырғаларды монтаждау, өндірістік кесте) + түсіндірме жазба (30 бет)
Курстық жоба - Ақтау қаласындағы бірқабатты өндірістік ғимараттың құрастырмалы темірбетон конструкцияларын монтаждау 48 х 48 м

Мазмұны
Кіріспе
1 Ғимараттың құрылымдық сұлбасы
1.1 Ғимараттың көлемдік жобалық шешімдері
1.2 Ғимараттың құрылымдық шешімдері
1.3 Құрастыру жұмысының еңбексыйымдылығы мен көлемін анықтау
2. ЕҢБЕК ШЫҒЫНДАРЫ МЕН ЖАЛАҚЫНЫҢ КАЛЬКУЛЯЦИЯСЫН ЖАСАУ
3. Алымдардың өлшемін және құрастыру әдісін таңдау
3.1 Ұстындарды жинақтау
3.2 Балкаларды және төбежабындарды жинақтау
3.3 Конструкциялардың қосылған жерлерін өңдеу
4. Құрастыру аспаптары мен еңбек құралдарын таңдау
5. Көтергіш крандарының қажетті жұмыстық параметрлерін анықтау
6. Техникалық-экономикалық көрсеткіштерге сүйене отырып құрастыру, кранның тиімді құрамын таңдау
7. Құрама құралымдарды құрастыру үшін таңдап алынған крандардың жүріс үлгісін анықтау
8. Кешенді бригада құрамының есебі
8. Монтаждау жұмыстарының өзіндік құны мен еңбексыйымдылығын анықтау
9. Тасымалдау құралының қажетті санының есебі
10. Құрылыс құралымдарын құрастыруға арналған нұсқаулар
11. Құрастыру жұмысының мерзімдік жоспарын жасау
12. Құрастыру жұмыстарын өндіру кезіндегі қауіпсіздік сақтау шаралары
13. ҚОРЫТЫНДЫ
14. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Курстық жобаның тапсырмасы бойынша 1 қабатты өндіріс ғимараты берілген. Жобадағы қимасы – тіктөртбұрыш. Берілген нұсқада арқалықсыз жылытылатын ғимарат. Оның сипаттамасына келетін болсақ – Бн-12-12 ПК, яғни аралық ұзындығы 12 метр , ал биіктігі  12 метр. Жалпы ені 48 метрге, ал ұзындығы 48 метрге тең. Ортаңғы ұстындар адымы 12 және шеткі ұстындар адымы 6 метрге тең. Ғимарат салынатын аудан Ақтау қаласы. Құрылыстың басталу уақыты – шілде айы.
Ішкі әрлеу жұмыстары бөлменің сипатына байланысты жүргізіледі. 

кесте - Ғимарат жайлы жалпы мәліметтер:

Ғимарат

сипаттамасы

Ені, м

Ұзындық, м

Шеткі

ұстын

адымы, м

Ортаңғы

ұстын адымы

Жүк

көтергіштігі

ТББ

зауыдына

дейінгі аралық

Аудан

Басталуы

 

48

48

12

12

-

-

Ақтау

-

Ғимаратта жоба бойынша келесілер қарастырылған: өндірістік цех, тұрмыстық бөлме, техникалық бөлме, қойма мен санитарлық торап.
Қасбетті әрлеу түрлі түсті панельдермен жақсартылған қабат арқылы жүзеге асырылады. 
Жобалық шешімде ғимараттың барлық бөлмелері өзара байланысқан. Материалдарды жүктеу ғимарат бүйірінен жүргізіледі.
Жауапкершілік деңгейі – II;
Отқа тұрақтылық дәрежесі – II;
Ғимараттың сейсмотұрақтылығы – 7 балл
Өнеркәсіптік үймерет құрамалы темірбетон құрылымдарынан тұрады. 
Ұстындар – тұтас темірбетонды. Ұстындар өлшемі: - шеткі 0,4х0,3х6,8 және ортаңғы  0,4х0,5х6,9.
Түзілістерді жинақтау – үймереттер мен ғимараттарды дайын түзілістерінен немесе олардың зауытта жасалған элементтерінен механикаланған құрастырудың индустриалды кешенді процесі.
Түзілістер жинақтауы жай процестер мен операциялардан тұратын кешенді процесс болады, олар өз кезегімен үш топқа бөлінеді: тасымалдау, дайындау және жинақтаудың өзі.
Жинақталатын түзілістерді дәлдеу және уақытша бекіту үшін әр түрлі тетіктер пайдаланады. Оларға сыналар, бекіткіштер, кондукторлар, кергіш-тартқыштар, тіреуіштер, таяныштар жатады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Өнеркәсіптік, азаматтық, тұрғын үй құрылысында зауытта дайындалған құрастырмалы құрылымдардан құрылыстың индустриялық әдісі үлкен рөл атқарады.
Өнеркәсіптік құрылыс құрылыс алаңдарын монтаждау алаңдарына айналдыруға мүмкіндік береді, онда мамандандырылған зауыттарда жасалған элементтерден ғимараттар мен құрылыстардың механикаландырылған құрылысы жүзеге асырылады. Ол еңбек сыйымдылығын төмендетеді, құрылыстың ұзақтығын және пайдалануға беру мерзімін қысқартады, құрылыс құнын төмендетеді.
Монтаждау жұмыстарын дамыту жұмыстарды кешенді механикаландыру мен автоматтандырудың одан әрі өсуіне негізделеді. Монтаждау жұмыстарын дамытуда жеңіл бетондар, асбест-цемент және армоцемент материалдары, алюминий қорытпалары сияқты тиімді материалдар мен конструкцияларды қолдану маңызды рөл атқарады.
Монтаждау жұмыстарының дамуына темірбетон және металл алдын ала кернелген конструкцияларды, құрама темірбетон қабықшаларын, құбырлы элементтерден жасалған конструкцияларды, Профильді штампталған төсемнен жасалған жабындардың жеңіл конструкцияларын және алюминий қорытпаларынан жасалған парақтарды, құрылымдық жабындарды қолдану ықпал етеді.
Толық зауыттық дайындықтың ірі құрылыс блоктарымен үздіксіз, мәжбүрлі монтаждау сияқты жұмыстың күрделілігін азайтуға мүмкіндік беретін монтаждау әдістері кеңінен қолданылады.Монтаждаудағы қол еңбегінің көлемін қысқарту монтаждау технологиясының деңгейін арттыруға, монтаждау машиналарын жетілдіруге, кешенді механикаландыруға, құрылыс өндірісін кең автоматтандыруға негізделген.
Салынып және жаңғыртылып жатқан құрылыс жобалары, техниканың ең жаңа жетістіктері негізінде тұрғызылуы қажет, ал өндірістік кәсіпорындар пайдалануға берілгенге дейін салынатын тұрғын үй, қоғамдық және басқа да үймереттер мен ғимараттар техникалық жағынан озық және қазіргі заман талаптарына сай болуы керек. Барлық құрылыс-құрастыру жұмыстары сапалы әрі қысқа мерзімде жүзеге асырылуы тиіс.
Құрылыс салуды жеделдету, құрылыс-құрастыру жұмыстарының өзіндік құнын арзандату және құрылысшылардың еңбек өнімділігін арттыру үймереттер мен ғимараттардың түрлеріне және олардың ең қолайлы деген құралымдық шешімін табуына едәуір дәрежеде байланысты.
Жобаға тиімді, типті үйлестірілген, құрамалы ірі көлемді құралымдарды барынша көп пайдалану ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағытын құрылысқа тезірек енгізуге мүмкіндік береді. Бұл бағытқа жүйелі индустрияландыру, құрылыс өндірісін дайын құрылыс құралымдары мен бөлшектерінен және зауытта жасалған технологиялық тораптар мен инженерлік жабдықтардан үймереттер мен ғимараттарды құрастыру жұмыстарын кешенді механикаландырылған үздіксіз процеске айналдыру жинақталады.
Құрылысты одан әрі индустрияландырудың негізгі бағыттары дайындалатын құрылыс құралымдары мен бөлшектердің дәлдігін арттыру; оларды мүмкіндігінше бірден пайдалануға болатындай етіп зауыттарда жасап шығару; үймереттердің құралымдары мен бөлшектерін тиімді деген көлемге дейін ұлғайту, ал олардың салмағын барынша азайту; үймереттерді құрастыру кезінде жетілдірілген механикаландыру құралдарын пайдалану және жинақтау жұмыстарын автоматтандыру және роботтандыру болып табылады.
Өндірістік үймереттер мен ғимараттардың құрылысын көптеп салу жұмысты үздіксіз ұйымдастыру нәтижесінде орындалады. Бұл ретте жұмысшыларды тұрақты түрде жұмыспен қамтамасыз ету арқылы шығын азайтылады, құрылыс машиналарын тиімді пайдалану жақсарады, құрылыс-құрастыру жұмыстарының өзіндік құны азаяды.


Содержимое архива

Проекты (работы, чертежи) можно скачать став участником и внеся свой вклад в развитие. Как скачать ? подробнее >>>>>>>
 
Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.