Коротко о файле:Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ / "Құрылыс" Кафедрасы / 31,8 х22,7 М осьтердегі өлшемдері бар 12 пәтерлі тұрғын үйдің Тас жұмыстарының нақты көлемін есептеу, осы үшін қажетті материалдардың шығынын анықтау және нормативтік құжаттар негізінде жұмыстардың еңбек сыйымдылығын (күрделілігін) есептеу. / Құрамы: 4 парақ сызбалар (кесу, қасбет, еден жоспары, технологиялық карталар) + түсіндірме жазба (27 бет).
Мазмұны
Кіріспе 2
І КІРПІШ ҚАБЫРҒА ҚАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ 5
1.1. Технологиялық картаның қолыдану облысы 5
1.2 Жұмыс көлемін анықтау 8
1.1.3. Еңбек шығының калькуляциясы 9
1.1.4. Кешенді бригада таңдау және жұмыс өндірісінің графигін анықтау 11
1.1.5. Машиа және механизм таңдау 12
1.1.6. Техника экономикалық көрсеткіш (ТЭК) санау 14
1.1.7. Жұмыс өндірісінің нұсқауы 15
1.1.8. Жұмыстық жүргізілу технологиясы мен ұйымдастырылуы 18
1.1.9. Жұмыс орындаудағы қауіпсіздік техникасы 20
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиеттер тізімі 23
Жобаланған ғимарат-шатыры бар үш қабатты тікбұрышты тұрғын үй. Ғимараттың жалпы биіктігі-18,0 м, ал қабаттардың биіктігі-3,0 м.
Бұл технологиялық карта 31,8х22,7м. Он екі пәтерлі тұрғын үйдің кірпіш қалау жұмыстарына арналған. Негізгі механизмдері кран және бетон араластырғыш.
Тас конструкциялардың беріктігін, тұрақтылығын және жылу техникалық қасиеттерін қамтамасыз ету үшін қабырға элементтерінің қалануы арнайы технологиялық ережелерге бағынады. Менің жобамм бойынша, 12 пәтерлі тұрғын үйдің қабырғаларын қалауда көпқатарлы, яғни алтықатарлы байлау жүйесі қолданылады. Бұл жүйе қабырғаның бүкіл қалыңдығы бойынша қатарларды кезектестіру арқылы оның беріктігін арттырады.
1. Қалау қатарларының конструктивті түрлері. Кірпіш қалаудың негізгі сапасы екі түрлі қатарды дұрыс қолдануға байланысты:
Ложковый қатар (Ұзына бойғы): Бұл қатарда кірпіш ұзын жағымен қабырғаның бетіне параллель орналасады. Ложковый қатардың негізгі міндеті – қалаудың бойлық беріктігін қамтамасыз ету және қабырғаның сыртқы бетін қалыптастыру.
Тычковый қатар (Нұқыма): Бұл қатарда кірпіш қысқа тычковый жағымен қабырғаның бетіне перпендикуляр орналасады. Тычковый қатарлар қабырғаның көлденең беріктігін қамтамасыз етеді және қабырғаның ішкі және сыртқы қабаттарын бір-бірімен берік байлау үшін міндетті түрде қолданылады.
2. Қалаудың технологиялық реттілігі, 6 қатар принципі. Қалау процесінде тычковый және ложковый қатарлар келесі реттілікпен кезектеседі:
Байлау циклі: Қалаудың бір толық циклі 6 қатардан тұрады.
Қатарлардың орналасуы: Бұл цикл бойынша бес ложковый қатар қаланғаннан кейін, міндетті түрде бір тычковый қатар салынады.
Қызметі: Бұл тычковый қатар осы бес ложковый қатардың вертикальды жіктерін, яғни тік тігістерін байланыстырып, жүктемені қабырғаның бүкіл қалыңдығына біркелкі таратуды қамтамасыз етеді.
3. Қабырға түйіндерін қалау. Қабырғаның тұтастығы мен беріктігін қамтамасыз ету үшін тычковый қатарлар әсіресе келесі конструктивтік түйіндерде қолданылады:
Бұрыштар: Сыртқы қабырғаның (640 мм) бұрыштарын қалауда.
Қиылысу жерлері: Ішкі қабырғалардың (380мм) өзара қиылысуында және сыртқы қабырғаның (640мм) ішкі қабырғамен (380мм) түйісуінде.
Осы принциптерді сақтау арқылы қалау жұмыстарының сапасы, Король В. Я. және Ибраев Х. С. еңбектерінде көрсетілгендей, жоғары деңгейде қамтамасыз етіледі.
Қорытынды
Бұл жұмыс тас конструкцияларды жобалау мен іске асырудың техникалық-экономикалық тиімділігін негіздеуге арналған кешенді қолданбалы зерттеу болып табылады. Қойылған міндеттерді орындау арқылы ғимаратты салу процесінің еңбек сыйымды кезеңдері бойынша оңтайлы шешімдер алынды. Еңбек және ресурстық шығындарды анықтау барысында, мындай қорытыны шығарылды.
Қалау көлемінің анықталуы: 12 пәтерлі тұрғын үйдің негізгі қабырғаларындағы тас қалау жұмыстарының көлемі 1585.312 м және кірпіш пен ерітіндінің материалдық шығыны нақты есептелді. Бұл есептеулер Баймаханов Б. А. және Дүйсенбаев С. С. еңбектерінде сипатталған «Құрылыс материалдары және бұйымдары» нормаларына сәйкестендірілді.
Технологиялық оңтайландыру: ЕНиР нормаларына сәйкес, қалау жұмыстарының күрделілік коэффициенті талданып, нормативтік уақыт есептелді. Бұл есептеулер жұмыстың ағынды әдіспен тиімді ұйымдастырылуын және тас қалаушылар звеносының өнімділігін арттыруды негіздеді. Жұмыстың күрделілік коэффициенті ЕНИР Е3-3 "Тас конструкциялар" жинағындағы нормалар бойынша анықталды. Бұл нормативтер құрылыстың технологиялық өндірісін (Полищук А. И. еңбектеріндегі) оңтайлы ұйымдастыру үшін қажет. Сонымен қатар, кірпішті көтеруге қажетті уақыт ЕНИР Е3-12 , ал ерітіндіні тасымалдау ЕНИР Е1-10 нормаларына сәйкес есептелді.
Логистикалық шешімдер, технологиялық ұйымдастыру: Жұмыс орнын аумақтарға бөлудің функционалдық сұлбасы және КБ-403 Б мұнара краны арқылы материалдарды жеткізу жүйесі ұйымдастырылды. Жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру, мұнара краны КБ-403 Б-ны қолдану және қалау түйіндерінің реттілігі еңбегіндегі талаптарына сай жобаланды.
Қауіпсіздік техникасы: Жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздік талаптары, соның ішінде биіктікте жұмыс істеу және кран жұмысындағы ережелер Носованың «Техника безопасность в строительстве» нұсқауларына негізделді.
Аталған жұмысым тас қабырғалы ғимаратты жобалаудағы құрылыс-технологиялық және статикалық есептеулердің өзара байланысын нақтылайды. Жұмыс нәтижелері ғимаратты салудың еңбек сыйымды кезеңінде ресурстарды оңтайлы басқаруға, еңбек қауіпсіздігін арттыруға дәлелдеуге мүмкіндік беретін қолданбалы инженерлік шешімдер жиынтығын ұсынады.