Добавить проект
Прочитать правила
Платный доступ
Авторизация:
Информация


Иностранные чертежи » Казахстан : Дипломные и курсовые работы : Архитектура : Здания социально-бытового назначения : Дипломдық жоба - Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы спорт кешені

Дипломдық жоба - Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы спорт кешені

| Рб:
4
| Платформа: AutoCad | Поместил: orken | Дата: 24.1.19 05:29 | Год выпуска: 2014 | Размер: 3.76 MB | Скачали: 2
Коротко о файле: Жоба кіріспеден сәулеттік-құрылыс, есептік-конструктивтік, құрылыс өндірісінің технологиясы және ұйымдастыру, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, құрылыс экономикасы бөліміндерінен, және де қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады. Техника-экономикалық көрсеткіштері: сметалық құны – 23,56 млн. тенге; құрылыс ұзақтығылығы – 7,2 ай. Ғимараттың ұзындығы 66м, ені 27м биіктігі 13,2 м. / Құрамы: 7 Парақ сызба + түсіндірме жазба.
Дипломдық жоба - Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы спорт кешені

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 10
1 Сәулеттік-құрылыстық бөлім 11
1.1 Құрылыс ауданының сипаттамалары 11
1.1.1 Климаты 11
1.2 Бас жоспар шешімдері 11
1.3 Көлемдік-жоспарлық шешімдері 13
1.3.1 Ғимарат қасбетінің композициялық шешімдері 14
1.4 Сәулеттік -конструктивтік шешім 15
1.5 1.6 Жылутехникалық есеп Ғимаратты инженерлік жабдықтау 16 18
2 Есептік-конструктивтік бөлім 22
2.1 I-нұсқа жабын құрлымы 22
2.2 II Нұсқа - ферма есебі 35
2.3 Іргетастың негізгі есебі 52
3 Құрылыс өндірісінің технологиясы және ұйымдастыру бөлімі 57
3.1 Жалпы бөлім 57
3.2 Күнтізбелік жоспарды әзірлеу 58
3.2.1 Жұмыстың орындалуының ұзақтығы 58
3.2.2 Күнтізбелік кестенің зерттемесі 63
3.2.3 Нәтижені талдау 63
3.3 Нысанның құрылыстық бас жоспарының зерттемесі 64
3.3.1 Объектік құрылыстық бас жоспарды жобалау 64
3.4 Қызмет көрсету және санитарлық-тұрмыстық ғимараттарда қажеттілікті еептеу 66
Электроэнергиясының қажеттілік есебі
Су қажеттілігінің есебі
Спорт зал жабыны монтажына технологиялық картаның зерттемесі
Қолданыс аумағы
Құрылыстық үдерістің технологиясы және ұйымдастыру
Жұмысшының бригадасының кәсіби құрамының сандық және біліктілігінің есебі
Материалдық-техникалық ресурстар
Құрылыс алаңындағы қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария 68
4 Құрылыс экономикасы бөлімі 78
4.1 4.2 Жалпы мәлімет Смета қоры 78
5 Қауіпсіздік және енбекті қорғау
Еңбекті қорғау 85
5.1.1 Тіршілікке төнетін қауіптің туатын көздер 85
5.1.2 Өртке қарсы шаралар 87
5.1.3 Құрылыс материалдарын сақтағандағы өрт қауіпсіздігі 88
5.2 Қоршаған ортаны қорғау 88
5.2.1 Жобалауға қойылатын экологиялық талаптар 89
5.2.2 Табиғатты қорғау іс-шаралары 90
ҚОРЫТЫНДЫ 92
ПАЙДАЛАНҒАГ ӘДЕБИЕТТЕР 93

Көлемдік-жоспарлық шешімдер қабылданған бастапқы негізгі шешімдер: бас жоспар сұлбасы, ғимараттың функционалды тағайындалуы, қала құрылыс жағдайы, климаттық ауданның сипаты. Ғимараттың жоспардағы пішіні тік төртбұрышты және оның пландағы өлшемдері – 66х27м,биіктігі 13,2м. Ғимараттың негізгі көлемі спорт залдан тұрады. Функционалдық тағайындауына байланысты қалған бөлмелер спорт залды қоршай екі, үш қабатпен орналасқан.
- Атлетика жаттығуларына арналған зал;
- спортшылар гардеробы, санитарлы-техникалық құралдарға қажетті жабдықтар, ем–тарбие тағайындауға арналған бөлме (массаж бөлмесі,дәрігер бөлмесі), нұсқаушылар бөлмесі, әдіскерлік кабинеті, тамақтанатын және демалу орны (32 орынға арналған дәмхана, бейнефильмдер көруге арналған бейнезал және би алаңдары.)
- Көмекші жайлар (гардероб, вестибюль, холл, коридоры и т.б.).
Оқу-жаттығу жұмыстары және спорттық ойын жарыстары үшін қажетті спорттық жабдықтар,жиһаздар т.б. қарастырылған.
Қабаттардың биіктіктерін тағайындау кезінде көлемді орналастыру, бөлмелер ауданы, қасбеттерді рәсімдеу ҚНжЕ 2.08.02-89 «Қоғамдық ғимараттар мен құрылымдар» ескерілген талабымен сәйкес қарастырылады.
Ғимарат іші техникалық жарықтандырылған, табиғи жарықты қажет етпейді, себебі спорт залдары, киім шешетін бөлме, тренер бөлмесі, құрғақ булы, монша, массаж бөлмесі табиғи жарықсыз жобалауға рұқсат етілген. Қалған жағдайда бөлменің терезе ойықтарының ауданы 1/6 бөлме аудан көлеміне сәйкес келеді.

Ғимарат қаңқасы кірпішпен қаланып қаңқасыз конструктивтiк сұлба бойымен жобаланған.
Іргетас
конструктивтiк ерекшелiктер, жер асты сулары деңгейіне байланысты жертөле қабырғасы ленталы темірбетон блоктарынан жасалған. Салу тереңдігі 2,7м.
Қабырға
Қабырғаның іші маркасы М150, қалыңдығы 380мм кірпішпен қаланған. Оны маркасы AIII арматурамен арматуралаған. Сыртқы қабырға сликат кірпішпен қапталған қыш кірпішпен салынған. Жалпы қалыңдығы 640мм.
Аражабындар
Қабырғалардың аралығы 6м – ден асатын жерінде 1,141-1 топтамасының L = 12,0 м темірбетон арқалық қолданылады; 6м болатын жерінде 1,225-2 топтамасындағы L = 6,0 м қимасы шаршы темірбетон арқалық қолданылады.
Арқалықтардың арасын 1,141-1 көпқуысты темірбетон тақтамен және МЕМСТ 22701.1-77 сәйкес өлшемдері 3х6 м тақталармен жабылады.
Жабын
Спорт залдың төбесі қос уголктан жасалған ұзындығы L = 21,0 металл фермадан қадамын В = 6,0 м арақашықтықпен жабылады. Үсті қадамы В = 3,0м төлемнен қойылып, тігінен металл жабынмен жабылған.
Арақабырғалар
Қалыңдығы 120мм кірпішпен салынады.
Есіктер
Сыртқысы – МЕСТ 24698-81 бойынша 1,0х2,1 м ағаш есік. Ішкісі МЕСТ 6629-88 бойынша ағаш еіктер.
Еден
Спорт залда t = 60 мм ағаш тақтай салынған. Киiм шешетiн бөлменiң, әкiмшiлiк, емдiк – тәрбиелiк бөлмелерде құймалы бетонға линолеум төселген. Душтағы, санузелдердегі едендер керамикалық тақташадан төселген.
Вестибюлде, техникалық алаңшада едендер көпқабатты бетоннан t = 20мм қалыңдықта төселген.

ҚОРЫТЫНДЫ
«Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы спорт кешені » атты дипломдық жоба Қазахстан Республикасының нормативті – техникалық нормаларына сәйкес жасалған.
Жобадағы қолданылған материалдар мен механизмдер экологиялық кауіпсіз, үнемді және монтаждауы жеңіл. Осы себептен құрылыстық жалпы бағасы және құрылыс уақыты төмендеді.
Дипломдық жобада істеленген іс – шаралар төмендегідей: көлімді – жобалық және конструкциялық шешімдер, бас жоспар, қоршау конструкцияларының жылу – техникалық есебі. Ғимараттың жеке конструктивтік элементерінің есебі жасалған. Ғимараттың жер асты жұмыстарына технологиялық карта жобаланған.
Құрылысқа арналған алаңның тандалуы инженерлік – геологиялық шарттарға және ғимараттың сенімділігін қамтамасыз етеді.
Экономикалық бөлім кәзіргі жылдың бағаларына сәйкес орындалды. Құрылыс объектінің техникалық - экономикалық көрсеткіштері және сметалық есептер жасалған.
Бұл жоба келесі шарттарға сәйкес: экологиялық, санитарлы - гигиеналық, өртке қарсы және басқа да шарттар, құрылыс ережелері және нормалары. Осы жобаланған нысан өмірге және денсаулыққа оптималды, қауіпсіз эксплуатациясын қамтамассыз етеді.
Менің жобамдағы спорт кешені ғимараты болашақта болашақ ұрпақ тәрбиесінде айтарлықтай орны бар, еліміз үшін маңызды мекеме болады деп сенемін.


Содержимое архива

Проекты (работы, чертежи) можно скачать став участником и внеся свой вклад в развитие. Как скачать ? подробнее >>>>>>>
 
Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.