Добавить проект
Прочитать правила
Платный доступ
Авторизация:
Информация


Иностранные чертежи » Казахстан : Дипломные и курсовые работы : Архитектура : Здания социально-бытового назначения : Курстық жоба - Петропавл қаласында 300 адамға арналған ойын-сауық орталығы

Курстық жоба - Петропавл қаласында 300 адамға арналған ойын-сауық орталығы

| Рб:
2
| Платформа: AutoCad, PDF, ArchiCAD | Поместил: Aknur | Дата: 12.2.26 10:06 | Год выпуска: 2025 | Размер: 121.60 MB | Скачали: 0
Коротко о файле: М.Х.Дулати атындағы Тар ӨУ / Кафедра Сәулет және құрылыс өндірісі / Петропавл қаласындағы 300 адамға арналған ойын сауық орталығын жобалау / Құрамы: 2 парақ сызбалар (еден жоспарлары, кесінділер, түйіндер, қасбеттер, үй-жайлардың сипаттамасы, бас жоспар) + ғимараттың 3D моделі + ПЗ (20 бет).
Курстық жоба - Петропавл қаласында 300 адамға арналған ойын-сауық орталығы

Мaзмұны
1.Kiрicпe 
2.Kөлeмдiк жобaлay шeшiмдeрi 
3.Kонcтрyктивтiк шeшiмдeр 
4.Бac жоcпaр шeшiмi 
5.Қорытынды 
6.Қолдaнылғaн әдeбиeттeр тiзiмi 

Ғимарат екі қабаттан тұрады және әртүрлі функцияларды атқаратын кеңістіктерді біріктіреді. 
Ғимараттың басты функционалды аймағы – 300 орындық көрермендер залы. Бұл блоктың құрамына:
•Көрермендер залы — 195 м² (15 м * 13 м), биіктігі 7,5 м.
Бұл өлшем көркем қойылымдар мен концерттік іс-шаралар өткізуге толықтай жеткілікті. Биік төбелі кеңістік дыбыс пен жарықтың дұрыс таралуын қамтамасыз етеді.
•Эстрада (сахна) — залдың алдыңғы жағында орналасады, сахна мен зал арасындағы ауысу аймағында декорацияларды орналастыруға арналған кеңістік қарастырылған.
•Грим бөлмесі — 24 м². Артистердің қойылым алдындағы дайындық жұмыстарына арналған. Айна, жарық, раковиналармен жабдықталады.
•Костюм бөлмесі — 18 м². Артистердің киім-кешектерін сақтау, киіну және репетицияға дайындалу үшін арналған.
•Әріптестер бөлмесі — 24 м². Шығармашылық топ мүшелерінің дайындық жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады.
•Звукоаппарат бөлмесі — 12 м². Акустикалық жабдықтардың жұмысына жауапты инженерлердің орны.
•Киноаппарат бөлмесі — 20 м². Кино көрсетілімдер ұйымдастыруға арналған техникалық орын.
•Жарықаппарат бөлмесі — 12 м². Сахна жарықтарын басқару жүйесі орналасатын орын.
•Көлемдік декларация — 18 м². Бұл бөлме сахнаға қажетті декорациялар мен техникалық құралдарды сақтауға арналған.
•Санитарлық түйін — 6 м². Артистер мен техникалық қызметкерлер үшін жеке әжетхана қарастырылған.
•Фойе — 150 м². Бұл кеңістік көрермендердің іс-шара басталғанға дейін және үзіліс кезінде демалуына арналған. Мұнда би залы да біріктірілген.

Ғимараттың конструктивтік сұлбасы – аралықты-білікті (каркас) жүйе негізінде орындалған. Бұл жүйе жобалық икемділікті, кеңістіктердің еркін трансформациясын және күрделі функцияларды үйлестіруді қамтамасыз етеді.
•Тіреуіш элементтер: темірбетон бағандар (колонналар) және ригельдер.
•Жабын мен жабылма: темірбетон плиталар.
•Іргетас жүйесі: монолитті таспалы іргетас немесе таяз тереңдіктегі плиталы іргетас.
•Қабырғалар: жеңіл бетон немесе кірпіштен қаланған сыртқы және ішкі қабырғалар.


Содержимое архива

Проекты (работы, чертежи) можно скачать став участником и внеся свой вклад в развитие. Как скачать ? подробнее >>>>>>>
 
Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.